Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы Жалпы дебаттарының ашылуына қатысты

БҰҰ штаб-пәтері, Нью-Йорк, АҚШ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы Жалпы дебаттарының ашылуына қатысты.

Жалпы дебаттардың ашылуы барысында БҰҰ-ның Бас хатшысы, Бразилия, АҚШ, Мысыр, Түркия, Нигерия, Мальдив, Катар, Швейцария, Хорватия, Боливия, Иордания, Оңтүстік Корея, Буркина-Фасо, Франция, Чили, сондай-ақ, Босния және Герцеговиния елдерінің көшбасшылары сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебаттарында Нью-Йорк уақыты бойынша 24 қыркүйектің екінші жартысында, сағат 17.30-да сөз сөйлейді деп жоспарлануда.

Қосылған : 24.09.2019, 15:30, Өзгертілген : 24.09.2019, 15:30