13 мамырда Қазақстан мен Финляндия дипломатиялық қатынастардың 27 жылдығын атап өтуде

Ү.ж. 13 мамырда Қазақстан мен Финляндия дипломатиялық қатынастардың 27 жылдығын атап өтуде.

Қазіргі таңда Финляндия Қазақстанның Солтүстік Еуропа мен Еуропалық одақтағы басты серіктестерінің бірі болып табылады.

27 жылда екіжақты ынтымақтастық пен өңірлік және жаһандық мәселелер бойынша саяси истеблишменттің барлық деңгейлерінде сенімді байланыстар орнатылған. Көп жағдайларда тараптардың ұстанымдары мен көзқарастары ұқсас.

Финляндия – Қазақстан тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі (1991 ж. 30 желтоқсан).

Екі ел басшылығы арасындағы саяси диалогтың іргесі Финляндия Президенті М.Койвистоның 1992 жылғы қыркүйекте Қазақстанға сапары барысында қаланды. Аталған уақыттан бастап ҚР мен ФР екі елдің көшбасшылары бастамашылық еткен «ұлы сұхбатты» белсенді дамытуда.

2009 жылғы наурызда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Финляндияға Мемлекеттік сапары болып өтті.

2010 жылғы желтоқсанда ФР Президенті Т.Халонен бастаған Фин делегациясы Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитіне қатысты.

Мемлекет басшысы халықаралық іс-шаралар алаңында Финляндия басшылығымен – ФР Президенті Т.Халоненмен Петербург халықаралық экономикалық форумы мен БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиялары аясында (2011 ж.), сондай-ақ ФР Президенті С.Ниинистөмен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттері аясында (2012 ж. Сеулда, 2014 ж. Гаагада және 2016 ж. Вашингтонда) тұрақты кездесулер өткізіп келеді.

Екі ел Үкіметтері басшыларының бірінші кездесуі 2016 жылғы шілдеде АСЕМ Саммиті алаңында орын алды (Ұлан-Батыр). 2010 жылдан бастап бейіндік министрліктер басшылары деңгейінде тұрақты кездесулер өткізіліп келеді.

Екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында тығыз байланыстар жалғасуда. 2010 жылдан бері жыл сайынғы саяси консультациялар тетігі жұмыс істеуде.

Мемлекеттердің заң шығарушы органдарының ыңтымқатастығын тереңдетуге қолайлы жағдайлар жасалған. Мәжілісте «Қазақстан-Финляндия» мен Эдускунтада «Финляндия-Орталық Азия» Достық топтары жұмыс атқаруда.

Ашық және мазмұнды саяси диалог сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюына септігін тигізуде. Финляндия ҚР-дың Солтүстік Еуропадағы ең ірі сауда серіктесі. Суомидің Орталық Азия елдерімен саудасының 90% Қазақстанға тиесілі.

Фин компанияларына жаңа мүмкіндік ашатын «Жаңғырту 3.0», «100 қадам», «Нұрлыжол» сияқты ҚР ұлттық стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыруда ФР белсенді атсалысуда.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ресми сапарының қорытындысы бойынша көлік, энергетика, экология, технологиялар трансферті салаларында ынтымақтастық бойынша 23 келісімге қол қойылды.

Екіжақты қарым-қатынастар үшін Қазақстан Үкіметі мен Солтүстік инвестициялық Банкі арасындағы ҚР экономикасын қаржыландыруға бағытталған Шекті келісімге қол қою маңызды оқиға болып табылды.

2016-2019 жж. денсаулық сақтауды дамыту бойынша «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға Суоми айтарлықтай үлес қосты. Казақстан мен Финляндия арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық белсенді жалғасуда.

Сонымен қатар институционалдық ынтымақтастық шеңберінде «Фин бизнес хабы» (2013 ж. құрылған), Қазақстан-Фин білім беру және инновациялар жөніндегі тобы (Консорциум 2014 ж. құрылған), сондай-ақ «QazFinnTech» Жасыл технологияларды трансферттеу жөніндегі Қазақстан-Фин орталығы қызмет етуде (2017 ж. құрылған).

Қосылған : 13.05.2019, 17:00, Өзгертілген : 13.05.2019, 17:00