​Сыртқы істер министрінің орынбасары кореялық корпорациялармен келіссөздер жүргізді

АЛМАТЫ - Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Алматыға жұмыс сапары шеңберінде ірі кореялық компаниялармен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулер сыртқы саясатты «экономизациялау», қазақстандық экономиканың басым секторларына шетелдік инвестициялар мен инновациялық технологияларды тартудың жаңа міндеттер аясында өтті.

LG Electronics, Lotte Confectionery, Medical Partners, Posco, Alpha Group, SK E&C, Kolon, LGS Elevator және «Астра Дент» ЖШС атты кореялық компаниялар тұрмыстық техниканы, өнеркәсіптік тауарларды, кондитерлік өнімдерді, жол құрылысын және медициналық қызметтерді ұсынуға маманданған.

Келіссөздер барысында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың перспективалық бағыттары белгіленіп, өндіріс көлемін ұлғайту мүмкіндіктері, отандық қазақстандық нарықта корей тарапының қатысуын кеңейту және Ресей мен Орталық Азия елдеріне экспорттау мүмкіндіктері талқыланды.

Жалпы алғанда, кореялық компаниялар екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын тереңдетуге әзірлігін және қызығушылығын танытуда. Аталған кездесулер мен олардың аясында қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел арасындағы ынтымақтастықта жаңа перспективаларды ашатындығын атап өту жөн.

Қосылған : 4.02.2019, 21:00, Өзгертілген : 4.02.2019, 21:00