ҚР СІМ-де Нидерланд Корольдігінің елшісін қошеметпен шығарып салды

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 26 шілде – Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко  Нидерланд Корольдігінің Елшісі Дирк Ян Коппен кездесу барысында, өз дипломатиялық миссиясын аяқтайтын,  Министр Бейбіт Атамқұлов атынан оған Құрмет грамота мен кәдесыйын табыс етті.  

Кездесу барысында Д.Коп үш жыл шеңберінде екіжақты байланысты нығайтуға өзінің елеулі үлесін қосқанын айтылды, сондай-ақ мемлекетаралық сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге маңызды рөл атқарған.

Нидерланд Корольдігі Қазақстандағы ең ірі инвестор және сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Энергетиканың дәстүрлі саласынан басқа, ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты кеңейту өте перспективалы болып табылады. Бұдан басқа, Нидерландыдан келген инвесторлармен маңызды жоба үстіміздегі жылдың мамыр айында іске қосылған Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік сауда орталығының құрылысы болып табылады.

Р.Василенко Нидерландтарға Қазақстандық бастамаларға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын, cондай-ақ екіжақты негізде де және халықаралық аренада да ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниет білдірді.

2018 жылда Қазақстан мен Нидерланд екі мемлекеттің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігі шеңберінде тиімді өзара іс-қимыл жасады. Шілде айының басында Словакиядағы ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесі аясында Министр Б.Атамқұловтың голландтық әріптесі Стеф Блокпен кездесуі өтті, оның барысында саяси және экономикалық ынтымақтастықты нығайту перспективалары, сондай-ақ алдағы айларда жоғары деңгейдегі сапарлар кестесі талқыланды.

Еліміздің дипломаты нидерландтық әріптесіне Солтүстік Македонияда жалғастырылатын дипломатиялық миссиясына табыс тілеп, Д.Коп әрқашан да Қазақстанның құрметті қонағы болатынын айтты.

Нидерланд Елшісі ел басшылығына Қазақстан-Нидерланд ынтымақтастығын нығайту ісіндегі тиімді өзара іс-қимыл және оның қызметіне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.


Қосылған : 26.07.2019, 14:00, Өзгертілген : 26.07.2019, 14:00