Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қабылдағы дипломатиялық ауданда орын алған террористік əрекетке байланысты мәлімдемесі

Қазақстан 2018 жылғы 28 қаңтарда Қабыл қаласындағы дипломатиялық орамында орын алған адамгершілікке жатпайтын, нәтижесінде ондаған бейбіт адамдар қаза болған, террористік әрекетті қатаң айыптайды.

Жедел жәрдем көлігін қылмыстық мақсатқа пайдалану - аса жан түршігерлік, арсыз және зұлымдық əрекет.

Қазақстан Ауғанстан халқы жеткілікті түрде зорлық-зомбылықты басынан кешкенін мәлімдей отырып, халықаралық қоғамдастықты өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мен алдын алу дипломатиясы құралдарын тиімді пайдалану арқылы осы елге қолдау көрсетуге тағы да шақырады.

Қайтыс болғандардың отбасылары мен туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тілейміз.

Қосылған : 28.01.2018, 15:45, Өзгертілген : 28.01.2018, 15:45