Сеулде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Корей үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтті

2019 жылғы 20 наурызда Сеулде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Корей үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Роман Скляр, корей делегациясын Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрі Сон Юн Мо басқарды.

Өнеркәсіп, энергетика, жер қойнауын пайдалану, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, ғылым және АКТ, денсаулық сақтау, білім және т.б. сияқты салаларда екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Тараптар 2018 жылы рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 3,9 млрд. АҚШ доллары жеткен екіжақты сауданың өсу қарқынына қанағаттанғандықтарын білдірді.

Сонымен қатар, қатысушылар экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге өзара қызығушылықтарын растады, сонымен бірге перспективалық екіжақты жобаларға ерекше көңіл бөлді.

8-ші кездесуден кейін кездесудің қорытынды хаттамасына қол қойылды және екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Ынтымақтастық бағдарламасына (Жол картасы) қол қою туралы келісімге қол жеткізілді.

Анықтама: Қазақстанда Кореяның қатысуымен 500-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының статистикасына сәйкес, 2018 жылы Қазақстан мен Корея арасындағы екі жақты сауданың көлемі 2,2 есе артып, 3,9 млрд. Долларға жетті (2017 - 1,7 млрд. АҚШ доллары). Қазақстаннан экспорт 2018 жылы $ 2,9 млрд құрады, импорт - $ 922 млн.).

Қосылған : 21.03.2019, 18:25, Өзгертілген : 21.03.2019, 18:25