​Путраджайяда казақстандық-малайзиялық саяси консультациялар өтті

13-14 маусымда Президенттің арнайы уәкілі – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Малайзияға сапармен келді.

Арнайы уәкіл елдің Сыртқы істер министрі Анифа Аманмен кездесу өткізді. Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтын ахуалына және болашағына баға беріп, әлемдік күн тәртібі мәселелерінің жиынтығын талқылаған және көптеген өзекті көріністер бойынша ұстанымдардың үйлестіктерін атап өтті. Ислам ынтымақтастық ұйымындағы әрекетінде Малайзия мен Қазақстан әріптестігінің жоғары деңгейін атап өтіп, А. Камалдинов Премьер-министр Наджиб Тун Разакқа Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астанада өтетін ИЫҰ білім және ғылым жөніндегі бірінші Саммитіне қатысу үшін шақыру хатын тапсырды. Өз кезегінде министр мемлекеттер арасындағы екіжақты қатынастарға жоғары баға бере отырып, шақыру хаттың тұпнұсқасын Премьер-министрге тапсыратынын білдірген және аталған Саммитке малайзиялық тараптың жоғары деңгейде қатысу мүмкіндігін аса назармен қарастыратынын сендірді.

Сонымен қатар қазақстандық дипломат Президент Н. Назарбаевтың Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын (АҚИҰ) құру бойынша бастамасы туралы айтып, ИЫҰ жаңа жүйесінің белсенді қатысушысы болуға және мұсылмандық әлемінің гуманитарлық мәселелерін шешу жолында үлкен үлес қосуға шақырды. А. Аман Қазақстанмен ауыл шаруашылығы секторындағы ынтымақтастық болашағын он бағалады және АҚИҰ негізіндегі жатқан идеясын ғаламдық қауіпсіздікпен тікелей байлануда екендігін және өз елі үшін ерекше қызығушылық білідіретінін атап өтті.

А. Камалдинов малайзиялық тарапына «ЭКСПО-2017» көрмесінің жұмысына қатысу үшін алғыс білдірді және экспозицияның Малайзия үшін альтернативтік энергетика саласындағы жетістіктерін көрсету үшін он платформа болатынын жеткізді.

Сыртқы істер министрі А. Аманның шақыруы бойынша ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Камалдинов Куала-Лумпурдағы аккредиттелген дипломатиялық миссиялар басшыларының бас қосуымен ифтар кешкі асына қатысты. Салтанатты іс-шара аясында Арнайы уәкілдің Малайзия Премьер-Министрінің сыртқысаяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Файсал Мұхамадпен және азиялық елдердің елшілерімен кездесулері өткізілді.

Сапар шеңберінде Малайзияның административтік орталығы – Путраджайяда Арнайы уәкіл Малайзияның СІМ Бас хатшысы Рамлан Ибрагимның деңгейінде екі елдің сыртқысаяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялар өткізді. Кездесуде дипломаттар көпжақты және екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бір топ мәселелер бойынша пікір алмасты. Қарым-қатынастардың қарышты дамуына қанағаттандыруын білдіріп, Біріккен сауда экономикалық комитеті және қазақстандық-малайзиялық Іс кеңесі - экономикалық кооперацияның әрекетті механизмдер жұмысының жандануын, сондай ақ, өзара сауда алмасу және инвестициялардың өсу құбылысын атап өтті.

Кездесу нәтижесінде тараптар екіжақты ынтымақтасты, сонымен қатар халықаралық ұйымдар шеңберіндегі әріптестікті нығайтудың қажеттілігіне бірынғай пікірге келді.
Қосылған : 15.06.2017, 11:55, Өзгертілген : 15.06.2017, 11:55