Қазақстандағы президент сайлауы қарсаңында Будапештте Мажарстанның жетекші БАҚ үшін баспасөз брифингі өтті

БУДАПЕШТ, 2019 жылғы 17 мамыр – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Нұрбах Рүстемов болу елінің жетекші БАҚ өкілдерімен кездесті. Брифингтің басты тақырыбы Қазақстандағы президент сайлауы болды.

Іс-шараға «The Budapest Times», «24Ora», «Magyar Nemzet», «Diplomacy&Trade», «Moszkvater», «GloboPort Média», «GLOBS magazine Foreign Affairs&Trade», «Budapester Zeitung», «Alfahir.hu» және т.б. басылымдардың өкілдері қатысты

Өз сөзінде Елші Нұрбах Рүстемов қазіргі Қазақстанның жеткен негізгі жетістіктері мен стратегиялық басымдықтары, сондай-ақ ҚР СІМ-нің шетелдік инвестициялар тарту, экспортты ілгерілету және экономикалық дипломатияны күшейту бойынша жаңа міндеттері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Президент лауазымына кандидаттарды тіркеу қорытындысы мен халықаралық байқаушылар мен шетелдік журналисттерді тіркеу тәртібіне де тоқталды.

Оған қоса, Н.Рүстемов Қазақстан-Мажар стратегиялық әріптестігінің жай-күйі мен перспективаларымен журналистерді таныстырып өтті. «2019 жылы Нұр-Сұлтан мен Будапешт арасында стратегиялық әріптестіктің орнағанына 5 жыл толады. Мажарстан Қазақстан осындай деңгейде ынтымақтастық орнатқан Орталық және Шығыс Еуропадағы алғашқы және әзірге жалғыз ел болып отыр»,- деп атап өтті Елші.

Журналисттердің алдағы сайлауға қатысты сауалдарынан кейін қызу пікірталас болып, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Өз кезегінде, БАҚ өкілдері Мажарстан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды ауқымды экономикалық реформалау мен әлеуметтік-қоғамдық жаңғырту, сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қолдау бастамаларын жоғары бағалайтынын атап өтті.

Қосылған : 17.05.2019, 18:15, Өзгертілген : 15.05.2019, 18:15