Хорватияда қазақстандық деректі фильмнің премьерасы өтті

Ү.ж. 17 - 24 тамыз аралығында Хорватияның Винковци қаласында өткен «DORF» халықаралық деректі фильмдер фестивалі аясында қазақстандық деректі фильмнің премьерасы табысты өтті. Іс-шараға АҚШ, Канада, Хорватия, Сербия, Қазақстан және басқа елдердің кинорежиссерлері қатысты.

Қазақстандық режиссер Арсен Баянов пен продюсер Асқар Әлімжанов көпшілік назарына кеңестік джаз басты лигасының мүшелері және сол кездегі ең жақсы джаз әртістерінің мүшелері болған аты аңызға айналған Бумеранг ансамблінің тарихы туралы баяндайтын «Алматылық рэгтайм Boomerang» фильмін ұсынды. 

Деректі фильмнің премьерасы Винковцы тарихи мұражайда өтті. Сонымен қатар, бұл қазақстандық деректі фильмдердің Хорватиядағы алғашқы тұсаукесері. «DORF» халықаралық кинофестивалі Еуропадағы жетекші деректі кинофестивальдер рейтингіне кіреді.

«МИР» телекомпаниясы ұлттық филиалының хорват тіліне аударған «Алматылық рэгтайм Boomerang» фильмі үлкен көрерменнің қызығушылығын оятты және көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. 

Бұған дейін қазақстандық «Алматылық рэгтайм Boomerang» фильмі АҚШ-тағы «Нью-Йорктегі джаз кинофестивалінде» үздік алты фильмнің қатарына еніп, Jazz Ambassador Award (Джаз Елшісі сыйлығы) номинациясы бойынша марапатталған болатын. 


Қосылған : 24.08.2019, 18:50, Өзгертілген : 24.08.2019, 18:50