Душанбеде «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясының өкілдігі ашылды

ДУШАНБЕ, 2019 жылғы 20 мамыр - Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Асқар Тәжібаев «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Тәжікстандағы өкілдігінің ресми ашылу рәсіміне қатысты.

Іс-шараға «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Руслан Искаков, Тәжікстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Махмадулло Машрабзода, «Тәжікстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы» Төрағасы Джамшед Джумахонзода, «Казкоммерцбанк Таджикистан» ЖАҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның еншілес ұйымы) Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Әбілқайыров және Тәжікстан Республикасының бизнес қауымдастығы өкілдері қатысты.

Өкілдіктің ашылу рәсімінде қазақстандық экспортшыларға тәжік банктерінің қолдау көрсетуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Атап айтқанда, «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ы «Ориёнбанк» АҚ-мен, «Банк Эсхата» ЖАҚ-мен, «Международный банк Таджикистана» ЖАҚ-мен Қазақстаннан Тәжікстанға экспортты жүзеге асыратын қазақстандық өндірушілерді сақтандыру және қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.

Қосылған : 20.05.2019, 11:00, Өзгертілген : 20.05.2019, 12:00