Бангкокта Қазақстан Елшісінің Таиланд Ханшайымымен кездесуі өтті

Таиланд Ханшайымы Маха Чакри Сириндхорн Қазақстан Елшісі Раушан Есбулатованы қабылдады.

Кездесу Читралада Корольдік резиденциясында өтті. Қабылдау барысында қазақстандық дипломат кездесу мүмкіндігі үшін алғысын білдіріп, Ханшайымды Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік-саяси жағдаймен таныстырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларын жүзеге асыру тұрғысында Үкімет тарапынан қабылданған бағдарламалар мен стратегиялар жайлы хабардар етті.

Әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту жөніндегі шаралары, ұлттық инновациялық әлеуеті, сондай-ақ мемлекеттің 2050 жылға дейін дамыған мемлекеттердің 30-ы қатарына кіру сияқты мәселелерге аса назар аударылды.

Ханшайымның ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесін ескере отырып, Елші Р. Есбулатова қазақстандық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы баяндап, оның шеңберінде қоғамдық сананы модернизациялау бойынша идеяларды одан әрі іске асыру жоспарлары туралы мәлімдеді.

Сұхбаттың жеке тақырыбы ретінде – 1993 жылы Президент Н.Назарбаевпен негізі қаланған қабілетті жоғары білімді мамандар даярлайтын «Болашақ» халықаралық стипендиясы болды. Бағдарлама арқасында қазақстандық жастар шетелде тегін білім алу мүмкіндігіне ие болғаны, сондай-ақ бұл жобаның дамуына байланысты шетелдердің географиясы кеңейтілгені туралы ақпарат берілді.

Өз кезегінде Таиланд Ханшайымы Елшіге екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, кездесудің соңында достық Қазақстан халқына гүлдену мен жақсылық тілектерін білдірді.

Тай халқы арасында Пхатеп (періште ханшайымы) атына ие болған Сириндхорн Ханшайымы, ү.ж. 4-6 мамырға таққа шығу рәсімі жоспарланған қазіргі Таиланд Королі Рама X туған сіңлісі болып табылады.

Корольдік отбасының мүшесі Шығыс эпиграфия және өнер тарихы бойынша магистр дәрежесіне ие, философия ғылымдарының докторы, көптеген ұлттық қорлар мен қайырымдылық жобаларды басқаруда. Қатыс болған әкесінің тапсырмасы бойынша ол Таиландтың дипломатиялық өкілдігінің шет елдерде және БҰҰ-да қызметін бірнеше рет орындаған, ағылшын, француз, қытай және неміс тілдерін меңгерген.

Жылдар бойы әскери оқу орындарына сабақ беру арқылы Ханшайымда Армия генералының әскери атағы бар.

Қосылған : 6.02.2019, 10:10, Өзгертілген : 6.02.2019, 10:10