Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі

МУСАЛИМОВ Игорь Идеалұлы

1961 жылы 12 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.

1988-1993 жылдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында жұмыс істеді.

1994 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шарт және құқықтық департаментінің үшінші, екінші хатшысы.

1996 жылдан бастап - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы.

1997 жылдан бастап - Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы.

2000 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі шетелдік делегацияларды қабылдау бөлімінің басшысы.

2001 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Протокол қызметінің басшысы - Хатшылық меңгерушісінің орынбасары.

2004 жылдан бастап - Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі.

2006 жылғы наурыздан бастап 2011 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасының Грузиядағы Уақытша сенімді өкілі.

2011 жылдың тамыз айынан 2014 жылдың қыркүйек айына дейін - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы.

2014 жылдың қазан айынан бастап 2019 жылға дейін Кишинев қаласында (Молдова Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулы.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар.

Қазақстанның Құрмет грамотасымен, мерейтойлық медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғысымен (2010 ж.) марапатталған.

Ұлты қазақ. Ағылшын тілін еркін меңгерген.

Кабинет нөмері: 148

Телефоны: 72-05-21

Азаматтарды қабылдау кестесі: әр айдың үшінші сәрсенбісі, сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, 15.00-ден 18.00-ге дейін*

*- егер аталған күн мереке күніне түскен жағдайда, қабылдау күні келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

Қосылған : 2.03.2016, 10:05, Өзгертілген : 12.10.2017, 09:25