Еуропа Одағымен қатынастар

 

Еуропалық Одақ – Қазақстанның ең негізгі саяси және экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады.

Жалпы мәліметтер

1993 жылғы 2 ақпанда   ҚазақстанРеспубликасы мен Еуропалық Одақ (ЕО) арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

1993 жылғы желтоқсанда ҚР-дың Брюссель қаласында ЕО жанындағы өкілдігі ашылды.

1994 жылғы қазанда Алматы қаласында Еуропалық Комиссиясының өкілдігі ашылды.

2012 жылғы 8 маусымнан бастап ҚР Өкілдігінің басшысы болыпТөтенше және Өкілетті Елші А.Хамзаев тағайындалды.

2015 жылғы 8 қыркүйектен бастап Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысы – Төтенше және Өкілетті Елші Т.Христеа болып табылады.

Сапарлар хронологиясы

Қазақстан Республикасы Президентінің Брюссельге 7 сапары (1993 жылғы ақпан, 2000 жылғы маусым, 2002 жылғы қараша, 2006 жылғы желтоқсан, 2010 жылғы сәуір мен қазан, 2014 жылғы қазан) ұйымдастырылып, олардың барысында Еуропалық Одақ басшылығымен екіжақты келіссөздер өткізілді.

2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Еуропалық Одақтың төрағасы Х.Ван Ромпейдің Қазақстанға алғашқы ресми сапары өтіп, оның барысында ол Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінің жұмысына қатысты.

2012 жылғы 2 мамырда ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Брюссельде Еуропалық Одақтың төрағасы Х.Ван Ромпеймен, Еуропалық Комиссияның төрағасы Ж.М.Баррозумен және Сауда жөніндегі еурокомиссар К.Де Гюхтпен кездесулер өткізді.

2013 жылғы 2-3 маусымда Еуропалық Комиссияның төрағасы Ж.М.Баррозудың Қазақстанға алғашқы ресми сапары өткізілді.

Саяси диалог

Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастардың құқықтық негізі 1999 жылғы Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім болып табылады. Сонымен қатар, 2015 ж. 21 желтоқсанда Астанада Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Аталған құжат ҚР мен ЕО арасындағы әрекеттестіктін одан әрі дамуына ықпалын тигізеді.

Сауда-экономикалық байланыстарды дамытудың жоғары серпініне қол жеткізілді. ЕО Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады.

Қазақстандық сыртқы сауда айналымының жартысынан көбі және Қазақстан экономикасында жиналған шетел капиталының 49% ЕО үлесіне келеді. Қазақстанның ЕО елдерімен сыртқы сауда айналымы 2015 жылдың қорытындысы бойынша 31 млрд. АҚШ долларын құрады (импорт –3,8 млрд. АҚШ доллары, экспорт–24,3 млрд. АҚШ доллары).

2005 ж. – 2015 ж. қыркүйек аралығында ЕО елдерінен Қазақстан экономикасына келген тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 107,4 млрд. АҚШ долларын құрады (барлық тартылған 218 млрд. АҚШ долларының ішінде). Негізгі инвесторлар: Нидерланды, Ұлыбритания, Италия және Франция.

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында ЕО-ның сенімді және жауапты энергетикалық әріптесі ретінде орнықты. Қазақстан Ресей және Норвегиядан кейінгі ОПЕК-ке мүше емес елдер ішіндегі – Еуропаға энергия тасымалдаушылардың үшінші ірі өнім берушісі болып табылады. Еуропаның бірнеше елдерінде қазақстандық мұнай тасымалының үлесі айтарлықтай жоғары. Сонымен Аустрияда ол 25%, Румынияда - 30% құрайды. Қазақстан Германияға көлемі бойынша 4-ші энергия ресурстарын тасымалдаушы болып табылады. Қазақстан ЕО-мен стратегиялық энергиялық диалогты одан әрі нығайтуға мүдделі, оның құқықты қнегізі Энергетика саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум және Ядролық энергияны бейбіт мақсаттарда пайдалану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім болып табылады.

Астананың еуропалық елдермен өзара қарым-қатынастарын қарқындату жағдайында Қазақстан мен Еуропалық Одақ азаматтарының өзара сапарларының өсіуін есепке ала отырып, Қазақстан Еуропалық Одақпен визалық режимін жеңілдету саласында ынтымақтасуда. Осыған орай дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін визалық талаптардан босату және ҚР мен ЕО кейбір санаттағы азаматтық паспорт иелеріне виза рәсімін жеңілдету жөнінде келісімдерге қол қою мәселесі пысықталуда. Тараптар тұрақты консультациялар жүргізуде. Қазақстан  ЕО-мен визалық режимді жеңілдету жөніндегі іс – қимылдар жоспарын қабылдау бойынша Еуропалық Комиссиямен диалогты бастауға қызығушылық білдіруде.

Ынтымақтастықтың жаңа форматы тараптар мүдделілік танытқан тақырыптар бойынша (энергетика, көлік, қауіпсіздік, көші-қон, адам құқықтары бойынша диалог және т.б.) егжей-тегжейлі консультацияларды көздейтін салалық диалогтар болып табылады.

Жылына бір рет Парламенттік ынтымақтастық комитетінің отырыстары өткізіледі (Еуропалық Парламент - ҚР Парламенті). 2015 жылғы қыркүйектеАстанада Қазақстан-ЕО Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 13 отырысы өтті.

ҚР-ЕО өзара іс-қимылдың институционалдық жүйесінде негізгі рөлді ынтымақтастық кеңесінің жыл сайынғы отырыстары атқаруда.2015 жылғы наурызда Брюссельде ынтымақтастық кеңестің 14-ші отырысы өтті. Кеңестің шешімдерін жүзеге асыру мақсатында: сауда, инвестициялар, көлік және энергетика; сот төрелігі және құқықтық тәртіп жөніндегі ынтымақтастық комитеті, сондай-ақ екі бейіндегі ынтымақтастықтың кіші комитеттері қызмет етуде.2016 жылы 10 наурызда Астанада «Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ» ынтымақтастық комитетінің 15-ші отырысы өтті. Отырыс қатысушылары сауда, өзара инвестициялар, энергетика мен көлік саласын дамыту, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету және өңірлік ынтымақтастық сияқты өзекті мәселелерді талқылады.

Өңірлік тұрғыда тараптар Орталық Азиядағы ЕО Стратегиялары (2007 жылы қолданысқа енгізілді) шеңберінде өзара іс-қимыл жасауда.

Сыртқы істер министрлері деңгейінде - «Орталық Азия - Еуропалық Одақ» форматында жыл сайынғы диалог орнатылған. «ОА – ЕО» сыртқы істер министрлерінің сегіз кездесуі өтті: 2007 ж. – Астана, 2008 ж.– Ашхабад, 2009 ж.– Душанбе, 2010 ж.– Брюссель, 2011 ж.– Ташкент, 2012 ж.– Бишкек, 2013 ж.– Брюссель, 2015 ж. – Астана.

Қазақстан Еуропалық Одақтың «ЕО – ОА» жоғары деңгейлі қауіпсіздік мәселелері бойынша диалогты орнату жөніндегі бастамасына қолдау көрсетті. Диалогтың екінші отырысы Душанбеде 2015 жылғы 11 наурыздаөтті.

2014 жылғы қазанда өткен ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Брюссельге жұмыс сапары ҚР - ЕО әріптестігінің кеңеюі мен нығаюына үлес қосты, сондай-ақ Астана мен Брюссель арасындағы көп деңгейлі байланыстарды дамытуға өзара мүдделіліктерді тағы бір мәрте растады.

Қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыру шеңберінде 2015-2016 жылдары  ҚР-ЕО қарқынды саяси диалогы күтілуде.

 

 

Қосылған : 4.12.2013, 10:44, Өзгертілген : 18.03.2016, 19:08