Қазақстан Республикасы мен Словакия Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1993 ж. 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2005 ж. қаңтарда Астана қаласында Словак Республикасының Елшілігі ашылды.

2006 ж. маусымда ҚР Елшісі Чех Республикасының Прага қаласындағы тұрақты орнымен Братислава қаласында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық өкілдігі ашылды.

2009 ж. қазанда Братиславада ҚР Чехиядағы және Словакиядағы Елшілігінің Консулдық бөлімі ашылды.

Словакияның Қазақстандағы Елшісі болып Милан Коллар тағайындалды.

2015 ж. қазанда Қазақстанның Словакиядағы Елшісі болып С.Әбдікәрімов тағайындалды.

Саяси қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасы арасында тұрақты саяси диалог жүргізіліп келеді. Соңғы жылдары Братислава Қазақстанның бірқатар сыртқы саяси бастамаларына қолдау білдіруде: ЕҚЫҰ төрағалығы, 2010 ж. Астанада ЕҚЫҰ Саммитін өткізу, «EXPO-2017» көрмесіне қатысу және т.б. Сонымен қатар, Словакия – ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялаған алғашқы елдердің бірі болды.

Жоғары деңгейдегі сапарлар

2001 ж. 14-15 қарашада Словак Республикасының Президенті Р.Шустердің Қазақстанға ресми сапары өтті.

2007 ж. 20-21 қарашада ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Словакияға бірінші мемлекеттік сапары ұйымдастырылды. Сапар аясында екіжақты келісім-шарт базасының негізін қалаушы құжаттарға қол қойылды.

2010 ж. 29-31 наурызда СР Президенті И.Гашпаровичтың Қазақстанға жауапты мемлекеттік сапары өтті.

2010 ж. 1-2 желтоқсанда СР Президенті И.Гашпарович ЕҚЫҰ Саммитінде словак делегациясының басшысы ретінде Астанаға сапары өтті.

Әр-түрлі деңгейдегі сапарлар

2003 ж. қаңтарда СР СІМ Мемлекеттік хатшысы Й.Береньидің Қазақстанға жұмыс сапары өтті.

2007 ж. 20-21 наурызда СР СІМ басшысы Я.Кубиштің Қазақстанда ресми сапары өтті.

2008 ж. 16-19 сәуірде СР Қорғаныс министрі Я.Башканың Қазақстанға сапары ұйымдастырылды.

2008 ж. 17 қазанда СР СІМ басшысы Я.Кубиш «Общий мир: прогресс через разнообразие» атты Астанада өткен СІМ конференциясына қатысты.

2009 ж. қазанда ҚР Бас прокуроры Қ.Мамидің Братиславаға сапары өтті.

2013 ж. наурызда ҚР Бас прокуроры А.Даулбаев Братиславаға сапармен барды.

2014 ж. 25 сәуірде Братиславада Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтті. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков басқарды. Словак делегациясын Сыртқы және еуропа істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы П.Буриан басқарды.

2015 ж. 28-31 наурызда Астанаға ЕО-ның Орталық Азиядағы арнайы өкілі - СР СІМ Мемлекеттік хатшысы П.Бурианның сапары ұйымдастырылды.

2016 ж. 3-4 қарашада Астанаға СР Сыртқы және еуропалық істері министрі М.Лайчактың ресми сапары өтті. Словак министрі ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевпен, Парламент Сенатының Төрағасы Қ. Тоқаевпен және СІМ басшы Е.Ыдырысовпен кездесті.

Парламентаралық ынтымақтастық

Парламентаралық байланыстар жоғары деңгейде орнатылған саяси диалогты толықтыруда. Екі мемлекеттің парламенттерінде беделді саясаткерлерден тұратын Достық топтары құрылған.

2013 ж. 10-13 маусымда СР Ұлттық Кенесінің (Парламентінің) Төрағасы П.Пашканың Қазақстанға ресми сапары өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

ҚР Қаржы министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес, екіжақты тауар айналымы 2015 ж. 78,226 млн. долл. құрады (импорт – 63,907 млн., экспорт – 14,319 млн.).

Қазақстан экспортының негізгі баптарына химиялық және мұнай-химиялық өнімдер, мырыш, мыс, хром, марганец, қорғасын, алюминий, темір, мақта, химикаттар кіреді. Импортта машина, техника және жабдықтау, құрылыс материалдары, гербицидтер, дәрілер, азық-түлік, сүректен жасалған қағаз массасы, полиграфиялық өнімдер, тоқыма, жиһаз өнімдері басым.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты ілгерілетуде Қазақстан-Словакия сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының рөлі аса маңызды. 1998 жылдан бері ҮАК-тің 6 отырысы өткізілді.

Қосылған : 4.12.2013, 12:49, Өзгертілген : 14.02.2019, 16:00