Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1996 ж. 10 желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасы мен Югославия Одақтас Республикасы (құқықтық мұрагері – Сербия) арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2011 ж. 23 маусымда Астанада Сербия Республикасының Елшілігі ашылды.

2017 ж. мамырдан бастап Қазақстан Республикасындағы Сербия РеспубликасыныңТөтенше және Өкілетті Елшісі В.Матич.

2014 ж. ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы (қоса атқарушы) Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Рүстемов.

2015 ж. маусымда Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінің Белград (Сербия Республикасы) қаласындағы өкілдігі ашылды. Сонымен қатар, Сербия Парламентінің депутаты М.Карич Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Құрметті консулы лауазымына тағайындалды.

Саяси қатынастар

2010 ж. 6-7 қазанда Сербия Республикасының Президенті Б.Тадичтің Қазақстанға бірінші ресми сапары өтті.

2015 ж. 8 мамырда Мәскеу қаласында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың СР Президенті Т.Николичпен кездесуі өтті.

2015 ж. 27-29 тамызда Сербия Президенті Т.Николичтің Қазақстанға ресми сапары өтті.

2016 ж. 23-25 тамызда ҚРПрезидентіН.Назарбаев Сербия Республикасынаалғашқыресмисапаржасады.

2016 ж. 14-16 қарашада Сербия Республикасының Премьер-министрі А.Вучичтің Қазақстанға ресми сапары өтті.

2017 ж. 9 маусымда Сербия Республикасының Президенті А.Вучич ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуына қатысты.

Сауда-экономикалық қарым-қатынастары

ҚР Мемлекеттік кіріс комитетінің ақпараты бойынша, 2017 ж. екі жақты тауар айналымы 41,9 млн. АҚШ долл. құрады.

Қосылған : 4.12.2013, 12:51, Өзгертілген : 17.05.2018, 16:40