Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы қатынастар

Жалпы мәлімет

1992 ж. 15 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Румыния арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1993 ж. қарашада Румынияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

2003 ж. қыркүйекте Қазақстан Республикасының Румыниядағы Дипломатиялық миссиясы ашылды. 2012 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Дипломатиялық миссиясы Елшілік болып қайта құрылды.

2014 ж. 2 қыркүйектен – Дәулет Батырашев Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2017 ж. мамыр айынан бастап – Чезар-Маноле Армяну Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісіболып тағайындалды.

Саяси қатынастар

Қазақстан Шығыс Еуропадағы және Балкан түбегіндегі маңызды серіктестердің бірі ретінде Румыниямен қарым қатынастың дамуына айрықша көңіл бөледі.

Қысқа мерзім ішінде, екі елдер саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығында, сондай-ақ көпжақты әрекеттесуде айтарлықтай елеулі прогресске жетті.

Қазақстан мен Румыния үздіксіз саяси диалогты жүргізуде, екі елдің парламенттерінде «достық топтары» қызмет атқаруда. Екі елдер депутаттарының жылсайынғы кездесулері өткізілуде.

Екі ел БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде өз қимылдарын үйлестіруде. Румыния Қазақстанның 2010 жылдағы ЕҚЫҰ-дағы Төрағалығын және Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитін, «Астана ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуіне мен қатысуына, 2017-2018 жж. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Тұрақсыз мүшелігіне және «Азия – Еуропа форумына» (АСЕМ) қосылуына қолдау білдірді.

Жыл сайын екі елдің Сыртқы істер министрліктерінің саяси консультациялар өткізілуде. 2017 ж. 30 қарашадаАстанада ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенкомен Румыния Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Д.Некулаескуның қатысуымен кезекті саяси консультациялар өтті. Келесі консультациялар ү.ж. қазан айында Бухарест қ. жоспарлануда.

Жоғарғы деңгейдегі сапарлар

1998 ж. қыркүйекте – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Румынияға ресми сапары.

1999 ж. қарашада – Румынияның Президенті Э.Константинескудың Қазақстанға ресми сапары.

2003 ж. қыркүйекте – Румынияның Президенті И.Илиескудың Қазақстанға ресми сапары.

2007 ж. қарашада – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Румынияға ресми сапары.

2010 ж. наурызда - Румынияның Президенті Т.Басескудың Қазақстанға мемлекеттік сапары.

2010 ж. желтоқсанда – Румынияның Президенті Т.Басеску ЕҚЫҰ Астана саммитіне қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапармен келді.

Үкімет басшылар деңгейдегі сапарлар

2013 ж. маусымда - Румыния Премьер-министрі В.Понтаның Қазақстанға ресми сапары.

Сыртқы істер министрлер деңгейіндегі сапарлар

1992 ж. шілдеде – Румыния Сыртқы істер министрі А.Настаседің Қазақстанға ресми сапары. Осы сапар барысында Қазақстан мен Румыния арасындағы дипломатиялық қатынастар туралы хаттамасына қол қойылды.

2008 ж. қарашада – Румыния Сыртқы істер министрі Л.Команескудың Қазақстанға жұмыс сапары.

2017 ж. шілдеде – Румыния Сыртқы істер министрі Т.Мелешкану Қазақстанға «ЭКСПО-2017» ХҚК-нің шеңберіндегі Румынияның Ұлттық күніне қатысу үшін сапары өтті.

Шарт-құқықтық база

Қазақстан мен Румынияның арасындағы шарт-құқықтық базасы 19 екіжақты келісімдерден тұрады. 1992 жылда қол қойылған мемлекетаралық құжаттардың біріншісі болып табылатын Дипломатиялық қарым-қатынастар орнату туралы хаттама басқа да екіжақты құжаттардың жасасуына негізін салды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2017 ж. қаңтар-қараша аралығында қазақстандық-румын тауар айналымы 867,7 млн. долл. (экспорт – 805,8 млн. долл., импорт – 61,9 млн. долл.), ал2016 ж. 802,9 млн. долл. (экспорт – 724,4 млн. долл., импорт –78,5 млн. долл.) құрады.

Қазақстан мен Румынияның сауда-экономикалық ынтымақтастығының негізгі бағыттары: энергетика, машинажасау, металлургия, көлік және логистика, және жеңіл өнеркәсіп болып табылады. Румынияда 28 румындық-қазақстандық кәсіпорындар, ал Қазақстанда 39 бірлескен кәсіпорындар тіркелген.

Сауда-экономикалық ынтымақтастың ең маңызды тетіктерінің бірі Қазақстандық-румын сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия болып табылады. Үкіметаралық комиссияның 12-отырысы 2016 ж. 11-12 қазанда Астана қ. өткізіліп, оның барысында Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылды.

2016 ж. қаңтарда Бухарестте жаңартылған Румындық-Қазақстандық екіжақты сауда-өнеркәсіп палатасының тұсау кесері мен оның бірінші отырысы өтті.

2013 ж. 4 шілдеде Галац қаласында Қазақстан Республикасының Румыниядағы Құрметті консулдығы ашылды.

2017 ж. 23 қарашада Клуж-Напока қаласында Қазақстан Республикасының Румыниядағы Құрметті консулдығының ашылу салтанаты өтті.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстанда Румынияның «Ұлы Штефан» (Алматы қ.), «Дачия» (Қарағанды қ.) және «Буковина» (Павлодар қ.) ұлттық-мәдениет қоғамдары жемісті қызмет атқаруда. 2015 ж. қыркүйекте – Бухарест қ. қазақ тілінде оқытатын мектепке дейінгі мекеме ашылды.

Жылсайын Қазақ киносы фестивалі өткізілуде; 2016 ж. Қарағанды қ. Румын киносының бірінші фестивалі өтті. Бухарест қаласында өтетін Джордже Энеску атындағы классикалық музыка фестивалінде жыл сайын қатысуда.

2016 ж. қыркүйекте Семей ядролық полигоны жабылуының 25-жылдығына орай румын астанасында Қазақстанның антиядролық бастамаларына арналған конференциясы ұйымдастырылды.

2017 ж. 23 қарашада Клуж-Напока қаласында ҚР-ның Құрметті консулдығы ашылуының салтанаты шеңберінде және ҚР алғашқы Президентінің күніне орай Румынияда қазақ киносының бірінші фестивалі ұйымдастырылды.

Қосылған : 4.12.2013, 12:48, Өзгертілген : 17.05.2018, 16:40