Қазақстан Республикасы мен Словения Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәлімет

1992 жылғы 20 қазанда – Қазақстан Республикасы мен Словения Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2013 жылдан–Словения Республикасының Қазақстан Республикасындағы қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі (Мәскеу қ.)П.Шелиго тағайындалды.

2014 жылдан – Қ.СарыбайҚазақстан Республикасының Словения Республикасындағы қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Саяси қатынастар

2002 жылғы мамырда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Люблянаға сапарының барысында екі елдің арасында саяси диалог орнатылды.

2002 жылғы қыркүйекте СР Президенті М.Кучанның Астанаға жауапты сапары болды.

2009 жылғы 10-12 қарашадағы Словенияның Президенті Д.ТюрктіңҚазақстанға мемлекеттік сапары өтті.

2011 жылғы маусымында Словенияның Сыртқы істер министрі С.Жбогар ИЫҰ СІМК жұмысына қатысып,ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановпен кездесуі өткізілді.

2013 жылы 12-13 маусымда Астанаға Словения Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі К.Эрьявец жұмыс сапарын шегіп,оның барысында Қазақстан-Словения сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өткізілді.

Сауда-экономикалық қарым-қатынастар

Қазақстан мен Словения арасындағы сауда айналымы 2017 ж. (қаңтар-қазанда )97,2 млн. АҚШ долл. (экспорт – 25,2 млн. АҚШ долл, импорт – 72 млн. АҚШ долл).

Словениядан Қазақстанға тезкесілетін болат, ергіш ас қосымшалар, темір, электрондық жабдықтар мен толымдауыштар, тау-кен қазушы техника, кеңсе құралдар, машина жасау өнімдері, фотоаппараттар мен фотоқұралдар, ойыншықтар мен спорт бұйымдары, тастан жасалатын бұйымдар, цемент, жиһаздар мен киімдер импортталанады.

Қазақстаннан Словенияға мақта, темір мен болат, фенолокетон,электрондық жабдықтар мен толымдауыштар экспортталанады.

Қазақстан-Словения сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы жұмыс істеуде (ҮАК). ҮАК-тың үшінші отырысы Люблянада 2016 жылғы 20-21қазанда өткізілді.

Қосылған : 4.12.2013, 12:50, Өзгертілген : 17.05.2018, 18:00