Қазақстан Республикасы мен Хорватия Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәлімет

Қазақстан Республикасы мен Хорватия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым – қатынастар 1992 жылғы 20 қазанда орнатылды.

1995-1997 жылғы каңтарда Алматы қаласында ХР-дың Елшілігі ашылды. (ҚР-дағы ХР Істері бойынша Уақытша Сенімді өкіл Карино Хромин - Хорват Шаруашылық Палатасының өкілі).

2003 жылдан бастап Загреб қаласында ҚР Консулдығы ашық.

2007 ж.19 желтоқсанда ҚР-ның Елшігілін Хорватия мемлекетінде ашу туралы Қазақстан Республикасы Президенті жарлыққа қол қойды.

2017 ж. мамырдан-Төлежан Барлыбаев Қазақстан Республикасының Хорватиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2017 ж.қазаннан – Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасындағы қоса атқарушыХорватия Елшісі болып Тончи Станичич тағайындалды.

Саяси қарым-қатынастар

Хорватия Республикасы-2013 ж. 1 шілдеде бұрынғы Югославия мемлекеттерінің қатарынан ЕО-ға екінші болып(Словениядан кейін) кірген, Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Еуропалық Одақтағы маңызды әрі перспективті серіктесі.

Ең жоғарғы деңгейдегі байланыстар:

2001 және 2006 жылы шілдеде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Хорватия Республикасына алғашқы ресми сапарлары өтті.

2002 ж. сәуірде, 2006 ж. қаңтарда және 2007 ж. шілдеде ХР Президенті С.Месичтің Қазақстан Республикасына ресми сапарлары өтті,ал Президент И.Иосиповичтің Қазақстанға ресми сапары 2010 жылы желтоқсанда болды.

Жоғарғы деңгейдегі байланыстар:

2015 ж. мамырда Хорватия Премьер-министрі Зоран Милановичтің Астанаға сапары өтті.

Екі мемлекеттің парламенттерінде екіжақты ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топтар құрылды. Қазақстандық топты ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты С.Абдрахманов,ал хорват тобын Сабор депутаты Ж.Лаковичбасқарады.

Өзара тығыз ықпалдастықтар сыртқы саясат ведомстволарының жетекшілері арқылы жүзеге асуда.

2012 ж.17 қазанда ҚР СІМ-нің Жауапты Хатшысы Р.Жошыбаевтың Хорватияға сапарыөтті.

2013 ж. 29-30 сәуірде Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрінің бірінші орынбасары Й.Клисоуичтің Астанаға сапарыбарысында сыртқы саяси консультациялар мен бизнес-форум өткізілді және де Алматыда Құрметті консулдықтың ашылуы орын алды.

2014 ж. 28-29 қазанда Хорватия Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Сыртқы істер министрі В.Пусичтің Астанаға ресми сапары барысында ҚР СІМ мен ХР СІЕМ арасында өзара әрекеттестік жөніндегі жұмыс жоспарына қол қойылды.

Ү.ж. 11-12 қазанда Қазақстан мен Хорватияның дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығының қарсаңындаЗагреб қ. ҚР Сыртқы істер министірінің орынбасары Р.Василенконың қатысуымен саяси консультация өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан мен Хорватия арасындағы сауда айналымы2017 жылдың қаңтар-қараша аралығында316,6 млн.долл. құрады (экспорт - 305 млн.долл., импорт - 12,6 млн.долл.), ал 2016 ж. 18 млн.долл. (экспорт - 11,4 млн.долл., импорт - 6,4 млн.долл.).

ҚР сыртқы сауда құрылымындаэскпорттың 95% минералды тауарлар құрайды, соның ішінде: отын және энергетикалық химия өнеркәсібінің өнімдері (резеңке және пластмассаларды қоса алғанда), сондай-ақ былғары шикізаты, жануарлар терісінен жасалған бұйымдар.

ҚР импортында қағаз-целлюлоза мен тоқыма бұйымдары, аяқ киім, бас киім және галантереялық бұйымдар, құрылыс материалдары, металдар мен металл бұйымдары, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, техника мен аппараттар басым болып келеді.

2017 ж. 29 маусымда Хорватияның экс-президенті Степан Месич Астана экономикалық форумға қатысты.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Хорватияның экс-президенті С.Месичтің төралығымен, Қазақстан елшілігінің насихаттауы бойыншамәдени ынтымақтастықты дамыту мақсатында қазақ-хорват достық қауымы Загреб қаласында ашылды. Көрнекті саяси қауым мен іскерлік ортаның өкілдері, Хорватияның Еуропарламенттегі депуттары қазақ-хорват достық қауымында мүшелік етеді.

2001 жылы Хорватияның Умаг қаласында ҚР Құрметті консулы болып Живан Левай болды тағайындалды, ал 2014 ж. тамызында Марио Кнего ҚР Құрметті консулы болып Дубровник қаласында тағайындалды.

2011 жылдан бастап Е.Исраилов Хорватияның Алматы қ. Құрметті консулы болып тағайындалды.

2015 ж. А.Беркимбаев Хорватияның Ақтөбе қ. Құрметті консулы болып тағайындалды.

2017 ж. 22-28 тамызда ҚР мен ХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай Хорват қаласы Корчулада «Marco Polo» халықаралық кинофестивалінде «Анағаапарар жол» тарихи драмасының сәтті көрсетілімі болды. Кинофестивальдің басты жүлдесін қазақстандық кинобейне жеңді.

ФестивальдаӘзербайжан,Болгария,Үндістан,Индонезия,Иран,Қазақстан,Корея,Түркия, Хорватия және басқа мемлекеттердің кинематографисттері ат салысты. «Анаға апарар жолдың» бас актерлері қазақстандық делегацияны таныстырды.

Қосылған : 4.12.2013, 12:55, Өзгертілген : 17.05.2018, 18:10