Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 23 шілдеде орнатылды.

1992 жылы Қазақстан Республикасында Грузия Елшілігі ашылды.

Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов (2018 жылдың 31 мамырдан бастап).

Грузияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Зураб Абашидзе (2017 жылдан бастап).

Екіжақты ынтымақтастық 1993 жылғы 1 маусымда қол қойылған Қазақстан мен Грузия арасындағы негізгі қатынастар туралы Шартқа сәйкес дамып келеді.

2014 жылғы 12-13 қарашада Грузияның Премьер-Министрі И.Гарибашвилидің Қазақстанға ресми сапары өтті.

Кедендік статистика мәліметтері бойынша, 2014 жылда Қазақстан мен Грузия арасындағы тауар айналымы 114,8 млн АҚШ долларын құрады (оның ішінде 43,8 млн. – импорт, 70,9 млн. – экспорт).

2015 жылғы қаңтар-мамыр арасында 30,2 млн. АҚШ долларын құрады (оның ішінде экспорт - 15 млн., импорт – 15,2 млн.).

Екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту және басымдық бағыттарын анықтау үшін тиімді механизм сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия болып табылады. ҮАК 7-отырысы Тбилисиде 2014 жылы 6-7 қарашада өткен.

2007 жылы 1-5 шілдеде Астана қаласында «Грузин мәдениет күндері» өткізілді. 170 адамнан құралған грузиялық делегацияны Тбилиси қаласының әкімі Г.Угулава басқарды.

2014 жылдың маусым айында Тбилисиде Қазақ киносының апталығы өтті.

2014 жылғы 27-29 мамырда Қазақстандағы Грузия Елшілігінің және Грузин мәдени отралығының бастамасымен Грузияның Тәуелсіздігі күнін тойлау шеңберінде «Қазақстан» (Астана қ.) Орталық концерт залында және Республика Сарайында (Алматы қ.) «Эрисиони — Грузия қазынасы» атты Академиялық ән және би ансамблінің концерті, «Rаdisson SAS» (Астана қ.) қонақүйінде ресми қабылдау кезінде Грузин шарабының фестивалі, басқа да бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Қосылған : 5.04.2016, 16:13, Өзгертілген : 8.06.2018, 11:35