Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы ақпарат

1992 жылғы 25 қаңтарда – дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

1992 жылғы наурызда - Францияның Қазақстанда Елшілігі ашылды.

1993 жылғы шілде - Қазақстанның Францияда Елшілігі ашылды.

2017 жылғы қазаннан бастап – Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев.

2017 жылғы 18 қазаннан бастап – Францияның Қазақстандағы Елшісі Филипп Мартинэ.

Саяси қарым-қатынастар

Президент Н.Назарбаевтың Францияға ресми және жұмыс сапарлары 1992 ж., 1994 ж., 1995 ж. (екі рет), 1997 ж., 2003 ж., 2008 ж., 2010 ж., 2011 ж., 2012 ж. және 2015 ж. өтті.

Франция басшылығы Қазақстанға үш сапарларын өткізді, атап айтқанда Ф. Миттеран (1993 ж.), Н. Саркози (2009 ж.) және Ф. Олланд (2014 ж.).

Үкімет басшылары деңгейіндегі кездесулер тұрақты түрге айналды:
2008 ж., 2011 жылда екі рет, 2012 ж., 2013 ж. және 2014 жылда Париж қаласында, ал 2008 ж. ақпанда және 2010 ж. желтоқсанда Астана қаласында кездесулер өтті.

2015 жылғы 30 қараша – 1 желтоқсан кезеңінде Премьер-Министр К.Мәсімов Парижге Климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ-ның конференциясының (COP 21) ашылуына байланыста жұмыс сапарын жасады.

Сыртқы істер министрліктері арасында байланыстар қолдаушылық табуда. 2013 жылғы 1 наурызда Қазақстанға алғашқы сапарын Францияның сыртқы істер министрі Л.Фабиус жасады. 2014 жылдың 10-11 маусымда Парижге ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов сапармен келді. 2016 жылғы 8 желтоқсанда Гамбург қаласында ЕҚЫҰ СІМС аясында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Францияның Сыртқы істер және халықаралық даму министрі Ж.-М.Эйромен кездесті. Ж.-М.Эйроның шақыруымен 2017 жылғы 28-29 наурызда Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың Парижге сапары өтті. 2017 жылғы 21 маусымда Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов «ЭКСПО-2025» көрмесін өткізу үшін Париж кандидатурасын ілгерілету бойынша ведомствоаралық уәкілетті өкілі П.Ламиді қабылдады. 2017 жылғы 7 қыркүйекте Астанада Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың Францияның Еуропа және сыртқы істер министрі жанындағы мемлекеттік хатшысы Ж.-Б.Лемуанмен кездесуі өтті.

СІМ-аралық консультациялар саяси ынтымақтастықтың ең тиімді құралдарының бірі болып табылады. Барлығы сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде төрт раунды келіссөздер өткізілді: 2011 ж. 28 маусымда, Астанада үш рет (2012 ж. 20-21 қыркүйек, 2015 ж. 31 наурыз, 2016 ж. 10 қазан).

Парламентаралық қарым-қатынастар жүйелі түрде дамып келеді. Франция Парламентінің екі палатасында парламентаралық достық топтары жұмыс атқарып келеді. Франция Сенатында «Франция-Орталық Азия» шағын тобын басқару мәртебесі М. Буваруға берілді. Ұлттық Жиналыста «Франция-Қазақстан» достық тобының төрағасы П.Кабаре болып келеді. ҚР Парламент Сенатында достық топты Д.Назарбаева, ал Парламент Мәжілісінде О.Өксікбаев басқарады. Достық топтарының француз делегациялары Қазақстанға 2014 жылғы ақпанда және қыркүйекте сапармен келді.

2017 жылғы ақпанда Астанаға және Алматыға Франция Ұлттық Жиналысының депутаты Т.Марианидің сапары өтті. 2017 ж. 22-24 маусымда Астанаға Франция Сенатының вице-президенті, Медон қаласының мэрі, «Syctom» кәсіпорынның президенті Э.Марсельдің сапары өтті («ЭКСПО-2017» көрмесінде Францияның Ұлттық күнін ашу рәсіміне қатысқан француз делегациясының басшысы ретінде). 2017 жылғы 4-8 қыркүйекте Алматыға және Астанаға өңіраралық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Франция Сенаты Экономикалық мәселелері жөніндегі төрағасы Ж.-К.Ленуардың сапары өтті.

Сауда-экономикалық қарым-қатынастар

Франция соңғы жылдары (Ресей, Қытай, Нидерланды және Италиядан кейін) Қазақстанның сауда әріптестері тізімінде бесінші орынға ие болды.

2017 жылғы 11 ай бойынша екіжақты сауда айналымы 3,11 млрд. доллар (экспорт – 2,63 млрд., импорт – 489 млн.) құрады, 2016 жылғы ұқсас кезеңімен (2,24 млрд.долл.) салыстарғанда сауда айналым 38%-ға көбейді.

Қазақстандық экспорттың негізі мұнай, уран, металл, металл өнімдері, және химиялық өнімдер болып табылады. Франциядан Қазақстанға электр, электрондық және механикалық жабдықтаулар, тұтыну тауарлы, дәрі-дәрмектер және косметика, автокөліктер, азық-түлік тауарлары, құрылыс материалдары импортталады.

2005 жылдан 2017 жылға дейінгі Қазақстан экономикасына жұмсалған француз инвестициясының көлемі 13,7 млрд. долларды құрады. Біздің елімізде француз капиталының қатысуымен 130 кәсіпорын сәтті жұмыс атқарып жүр, атап айтқанда «Тоталь», «Арева», «Данон», «Викат», «Пежо», «Альстом» және т.б.

Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (ҮАК) 1992 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазақстандық тарапынан тең төрағасы Инвестициялық және даму министрі Ж.Қасымбек, ал француз тарапынан - Францияның Еуропа және сыртқы істер министрі жанындағы мемлекеттік хатшысы Ж.-Б.Лемуан (Үкімет мүшесі).

Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің (ІК) Қазақстан тарапынан басшылықты «Визор Холдинг» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы А.Кәрібжанов жүзеге асырса, ал француз тарапынан - «Total» қайырымдылық қорының Президенті И.-Л. Даррикаррер болып табылады. ҮАК 13-ші отырысы 2017 жылғы 7 қыркүйекте Астанада және ІК-нің 8-ші отырысы 2017 жылғы 25 сәуірде Астанада өтті.

2015 жылғы 29 наурыздан бастап, «Air Astana» әуекомпаниясының Астана-Париж бағыты бойынша тікелей рейсі ашылды. 2016 жылғы 21 маусымда Астанада авиация саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

1991 жылдан бастап Алматы мен Ренн қалалары арасында бауырластық қатынастар дамуда. 2016 жылғы 13 қазанда Алматы қаласымен бауырластық қатынастар орнатылуына 25 жыл толуына орай Францияның Ренн қаласының «Алматы бағында» ұлы Абай бюстінің салтанатты ашу рәсімі өтті.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта екі ел басқа өңірлік орталықтарының арасында ынтымақтастықты орнату мәселесі пысықталуды.

Қосылған : 4.12.2013, 12:53, Өзгертілген : 17.05.2018, 18:00