Қазақстан Республикасы мен Финляндия Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1991 жылы 30 желтоқсанда Финляндия Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады.

1992 жылы 13 мамырда дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2012 жылы наурызда Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігі ашылды.

2019 жылғы мамыр айынан бастап Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі - Жанна Сартбаева.

2010 жылы наурызда Финляндияның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.

2017 жылғы қазан айынан бастап ФинляндияныңҚазақстандағы Елшісі – Микко Кивикоски.

Саяси ынтымақтастық

1992 - 2016 жж. мерзімі ішінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Финляндия басшылығыменкездесулер өткізді:

  • -Екі жақты іс-шараларбарысында–өзінің Финляндияға жасаған алғашқы мемлекеттік сапарының (2009 ж.), сондай-ақ,М.Койвистоның
    (1992 ж.), Т.Халоненнің (2010 ж.), С.Ниинистөнің (2013 ж., 2015 ж., 2017 ж.) Қазақстанға сапарларыаясындакеліссөздер өткізді;
  • -Халықаралық іс-шаралар алаңында - Санкт-Петербуг Халықаралық форумында (2011 ж.) және БҰҰ БА-ның 66-ыншы сессиясында (2011 ж.) Т.Халоненмен, сондай-ақ,Сеулде (2012), Гаагада (2014) және Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттер аясындаС.Ниинистөмен(2016).

Үкіметаралық байланыстар:

1) 2016 жылғы АСЕМ Саммиті алаңында екі ел үкіметтерінің басшылары К.Мәсімов пен Ю.Сипиля алғашқы рет кездесті (Ұлан-Батор);
2) 2010 жылы ФР Сыртқы сауда және даму министрі П.Вяюрюнен Қазақстанға сапармен келді; 3) 2012 жылғы ФР ЕО істері және сыртқы сауда министрі А.Стубб Қазақстанға сапармен келді; 4) 2013 жылғы наурызда
ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов Финляндияға сапармен барды; 5) 2013 жылғы Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.ҚаппаровСуомиге сапармен барды; 6) 2015 жылғы ФР Сыртқы сауда және даму министрі Л.Тойвакка Қазақстанғасапары өтті; 7) 2017жылғы ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаев Финляндияға сапармен барды, оның барысында тең төраға ретінде ҮАК 10-отырысына қатысты; 8) 2017 жылғы ФР Сыртқы сауда және даму министрі К.Мюкканен Қазақстанғасапары өтті; 9) 2017 жылғы Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана өңірлік хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Ә.Байменов Суомиге сапармен барды; 10) 2017 жылғы ФР Білім беру және мәдениет министрі С.Гран-Лаасонен ҚР-на сапармен келді; 11) 2017 жылғы ФР Құрылыс, энергетика және қоршаған ортаны қорғау істері жөніндегі министрі К.Тииликайнен ҚР-на сапармен келді;
12) 2017 жылғы ФР Экономика министрі М.Линтиля Қазақстанғасапармен келді.

Парламентаралық байланыстар

2010 жылғы ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы О.Мұхамеджанов ФР ресми сапармен барды.

2014 жылғы Финляндия Парламенті Спикері Э.Хейнялуом Қазақстанға сапармен келді.

2016 жылғы ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматуллин ФР ресми сапармен барды.

2018 жылғы 15-16 қаңтарда Финляндия Парламенті депутаты В.Скиннари басқарған «Қазақстан-Финляндия» достық тобы Қазақстанға сапармен келді.

ҚР және ФР Парламенттеріне үкіметаралық достық топтары қызмет атқарады. Қазақстандық тараптан депутат, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық, қорғаныс және қауіпсізідік істері жөніндегі комитетінің мүшесі Қ.Сұлтанов, ал фин тарапынан ФР Социал-Демократиялық партиясының депутаты В.Скиннари тең төрағалары болып табылады.

СІМ-аралық ынтымақтастық

2008 жылғы ЕҚЫҰ Төрағасы - Финляндия Сыртқы істер министрі А.Стубб ЕҚЫҰ ПА 17-інші сессиясына қатысу үшін Қазақстанға келді.

2010 жылдан бастап саяси консультациялардың тетігі жұмыс істейді. Барлығы 5 отырыс өткізілді (соңғы отырыс 2017 жылғы наурызда Хельсинкиде өтті).

2013 жылғы ҚР СІМ Е.Ыдырысовтың Суомиге ресми сапары өтті.

2017 жылғы ҚазақстанменФинляндия СІМ басшылары Қ.Әбдірахманов пен Т.Сойни арасында телефон арқылы сөйлесті.

2017 жылғы қарашада ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенконың Финляндияға жұмыс сапары өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Сауда-айналымы. 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары бойынша 308,0 млн.долл. (экспорт – 176,0 млн., импорт – 132,0 млн.). 2016 жылғы - 341,8млн.долл. (экспорт – 217,6млн., импорт – 124,2млн.). 2015 жылғы– 467 млн.долл. (экспорт – 287,6 млн., импорт – 179,4 млн.). 2014 жылғы – 1,1 млрд. долл.

Инвестициялар. 2005 жылдан бастап 2017 жылғы 1-тоқсанына дейінгі мерзім ішінде Финляндиядан Қазақстанға келген тікелей инвестициялардың ағыны 322,4млн. долл. құрады. Ал Қазақстаннан Финляндияға барған тікелей инвестициялардың ағыны 0,3 млн. долл. құрады.

Қазақстандық экспорттың негізгі тарамымұнай және мұнай өнімдері, көмір, ілеспе газ, бидай, асыл металл сынықтары болып табылады.

Финляндиядан негізінен өнеркәсіп жаблықтары, қағаз және картон, мұнай өнімдері, химикаттар, емдік дәрі-дәрмектер, медициналық жабдықтар, ғарыш тауарларыимпортталады.

Бірлескен кәсіпорындар. Қазақстанда фин заңды тұлғаларының шамамен 100 бірлескен кәсіпорны, филиалы және өкілдігі, соның ішінде «Тиккурила», «Хонка», «Оутотек», «Река кабель», «Линдстрём», «Оннинен» және т.б тіркелген.

Көлік.2013-2014 жж. қыс мезгілінде «Финнэйр» ҚР астанасын Лапландияның ең ірі Леви курортымен біріктіргенКиттиля -Астана- Киттилябағыты бойынша маусымдық чартерлік рейстерін ұйымдастырды.

ЭКСПО-2017 кезінде Хельсинки-Астана тікелей әуежолы ашылды.

2017 жылғы Коувола (ФР) - Бусловская (РФ) - Алтынкөл (ҚР) - Сиань (ҚХР) контейнерлік темір жолысалтанатты іске қосу рәсімі өтті.

Іскерлік қызметті дамытуға ықпал ететін тетіктер.Негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту мақсатында 1993 жылғы қараша айынан бастап Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Финляндия үкіметаралық комиссиясы жұмыс істейді.Тең төрағалар: ҚРЭнергетика министрі Қ.Бозымбаев және ФР Сыртқы сауда және даму министрі К.Мюккянен.

Білім, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы саласында төрт негізгі жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қолжеткізу 10-шы отырыстың (15 наурыз) негізгі нәтижесі болды.

Іскерлік белсенділікті сақтау, технологиялар мен инновациялардыңтрансфертін ынталандыру мақсатында 2014 жылғы мамырда Қазақстан-Фин бизнес-хабы құрылды. Хаб көмегінің арқасында фин технологиялары ЭКСПО-ның бірқатар нысандарының құрылысында қолданыла бастады.

2017 жылғы Қазақстан-Финляндия Жасыл технологияларды дамыту жөніндегі коммерциялық орталығының тұсаукесері өтті.

ЭКСПО. Қатысу нәтижесінде Финляндия Аумағы 400 шаршы метрден кем павильондардың арасында «Көрменің тақырыбын ашу» санаты бойынша алтын жүлдені жеңіп алды. Павильон алаңында 100-ден аса іс-шара өткізілді. Шамамен 70 коммерциялық келісімге қол қойылды.

АХҚО. 2016 жылғы АХҚО-ның Басқарушы директоры К.Келімбетов бастаған делегация ФР-ның ең ірі кредиттік және қаржылық институттарымен әріптестік қарым-қатынастарды орнату мақсатында Хельсинкиде сапармен болды.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Білім беру.Қазіргі таңда Финляндияда 37 қазақстандық студент білім алуда, Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің5 магистрантынан құрылған топфин білім беру мекемелерінде тағылымдамадан өтуде.

Финляндияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған түлектердің жалпы саны 24 (2 магистрант, 1 ғылым докторы және 21
ҚР азаматы тағылымдамадан өтті).

2015 және 2016 жж. азаматтық авиацияның 24 қазақстандық ұшқышы«Патриа» ұшқыш мектебінің негізінде еуропалық авиациялық стандарттар бойынша дайындықтан өтті.

2016 жылы екі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша Куопио университетінде 11 студент «жасыл биотехнология» «азық-түлік қауіпсіздігі» магистрлікбағдарламалары бойынша оқуын аяқтады.

2016 жылғы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясынан құралған қазақстандық тыңдаушылардың үш тобы
(70-тен аса адам) Скандинавия Академиялық мобильдік институтында тағылымдамадан өтті.

МБАМемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің5 магистрантынан құрылған топФР білім беру мекемелерінде тағылымдамадан өтті.

2017 жылғы Ювяскюля қолданбалы ғылымдар университеті Алматы Менеджмент университетімен (ALMAU) ынтымақтастық туралы меморандумғақол қойды.

ФР Білім және мәдениет министріС.Гран-Лаасоненнің ҚР-на сапары барысында JAMK Қолданбалы ғылымдар университеті мен Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті арасында мейірбике істері саласындағы магистратура бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру туралы шартқа қол қойылды.

2017 жылы «ALMAU»басқармасы мен Қамқоршылық кеңестің делегациясы Хельсинки, Ювяскюля және Вааса қалаларынасапармен барып қайтты

Денсаулық сақтау.2012-2016 жж. Қазақстан-Финляндия білім беру және инновациялар жөніндегі тобының жобалары аясында Қазақстанның орта және кіші медициналық персоналдың 700 өкілі өз біліктіліктерін арттырды.

2016 жылы Астанада екі елдің медициналық мекемелерінің қатысуымен өткен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша «Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледжі» РМҚК, Астана қ. әкімдігінің «Медициналық колледж» МКҚК, Ювяскюляқолданбалы ғылымдар университеті, Лахти қолданбалы ғылымдар университеті арасында денсаулық сақтау және медбике ісі жөніндегі өзара түсіністік және стратегиялық әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылды.

Мәдениет. Қазақстандық кинематографты танымал ету мақсатында 2010-2015 жж.Финляндияда «Қазақ киносының күндері» өтті.

2016 жылы Финляндияның Ұлттық кітапханасында қазақ әдебиетінің бұрышы ашылды, ал Алматы мен Астана қалаларындақазақ тіліндегі Парламенттің бұрынғы депутаты И.Тайпаленің «Финляндияның
100 әлеуметтік инновациясы» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігі қазақстандық «шуақты балалар» (Даун синдромына шалдыққан балалар) - «Санта-Клаустан сәлем!» жобасын қолдау үшін Жаңа жылдық қайырымдылық акциясын жалғастыруда.

Мұрағат. 2015 жылы сәуірде Ұлттық мұрағат басшылығымен кездесу барысында фин тарапыФинляндия аумағында жерленгенҚазақстаннан шыққан 268 соғыс тұтқынның тағдыр туралы мәліметтерді ресми түрде тапсырды.

Қосылған : 4.12.2013, 12:55, Өзгертілген : 20.05.2019, 17:50