Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

1991 жылғы 8 желтоқсанда Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасының және Украинаның басшылары Беловеж тоғайында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қойды.

1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматы қаласында он бір егеменді мемлекет (Грузияны қоспағанда) басшылары аталған Келісімнің Хаттамасына қол қойып, онда барлық мемлекеттер тең құқықтық негізде ТМД-ны құратынын атап көрсетті. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі сапаларында ынтымақтастыққа бейімділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады.

1993 жылдың желтоқсанында Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес, ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарғы бойынша іс-қимыл жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және тең құқықты субъектілері болып табылады.

Қазіргі уақытта Атқарушы комитеттің Төрағасы – ТМД Атқарушы хатшысы Лебедев Сергей Николаевич болып табылады.

Тәжірибеге сәйкес, жыл сайын ТМД мемлекет басшыларының 1 отырысы, ТМД үкімет басшыларының 2 отырысы, ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің 2 отырысы және тоқсан сайын Экономикалық кеңестері өтеді.

Достастыққа көпжақты өзара іс-қимылдың түрлі сапаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделілік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады.

ТМД қызметінің тиімділігін арттыру, оның құрылымын жетілдіру мақсатында Қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасы мен оны іске асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылдың қазанында Душанбеде мақұлданды. Олардың негізінде ТМД-ның Экономикалық дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиясы әзірленіп, қабылданды.

Сауда–экономикалық ынтымақтастықтың белсенді дамуының дәлелі 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында ТМД мүше мемлекеттер арасында ұлттық экономикалар мен жалпы Достастық әлеуетінің дамуына қосымша серпін беруге бейімделген Еркін сауда аймағы туралы шартқа қол қою болды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында саяси өзара қатынас негізінде Сыртқы істер министрлерінің кеңесі арқылы іске асады, оның шеңберінде көп деңгейлі сімаралық консультациялар сияқты ынтымақтастық нысаны жұмыс істейді.

2017 жылы халықаралық ұйымдар, консулдық және құқықтық ынтымақтастық шеңберінде мемлекеттердің өзара іс-қимылдары, жаңа сын-тегеуріндер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланған 10 консультациялар өткізілді.

Достастық шеңберінде жаңа қыр көрсетулер мен қауіптерге ден қою мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық тетіктері құрылды. Олардың іс жүзінде іске асуы үшін қылмысқа, терроризмге және экстремизмнің басқа зорлық белгілеріне, есірткі заттарының заңсыз айналымына, психотропты заттарға және олардың прекурсорларына, заңсыз көші-қонға және адам саудасына қарсы күрестің біріккен шараларының мемлекетаралық орта мерзімді бағдарламалары қабылданады. ТМД мүше мемлекеттердің қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қауіптерге қарсы іс-қимылдар бойынша ынтымақтастықты реттейтін халықаралық құқықтық құжаттарға қатысуын ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Гуманитарлық саладағы ынтымақтастық жүйесінің негізі Достастықтың салалық органдары болып табылады. Олардың құрамында гуманитарлық ынтымақтастық бойынша Кеңес және ТМД мүше мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қоры бар.

Олардың тікелей көмегінің арқасында 2017 жылғы 11 қазанда Сочиде ТМД мемлекет басшыларының отырысының нәтижесінде Армения Республикасынды (Горис қаласы) - 2018 жылы, Беларусь Республикасында (Брест қаласы) – 2019 жылы, Қазақстан Республикасында (Шымкент қаласы) – 2020 жылы «ТМД мәдени астаналары» атты Мемлекетаралық бағдарламаны іске асыру бойынша Шешім қабылданды.

Осындай іс-шаралар Мәдениет саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасына, Халықаралық жастар ынтымақтастығың 2020 жылға дейінгі мерзімге арналған стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарына, Дене шынықтыру және спортты дамыту стратегиясына және Туризм шеңберіндегі ТМД мүше мемлекеттер ынтымақтастығының даму стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады.

2015 жылғы Бурабайдағы Саммитінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған Достастықты қазіргі жағдайларға бейімдеу туралы бастамасын іске асыру, Қазақстан үшін маңызды әрекеті болып табылады.

Нәтижесінде, ТМД мемлекет және үкімет басшылары кеңестері отырыстарының күн тәртібі қысқарылды, ТМД-ның жекелеген органдары мен құрылымдардың оңтайландыруы өткізілді, қызметкерлердің конкурстық іріктеу үдерісі жүргізілуде. 2017 жылғы қыркүйек айынан бастап ТМД Экономикалық сотының жұмысы жаңа «ad hoc» форматына ауысып, оның қаржыландыру шығындарын едәуір қысқартады.

Қазіргі таңда, ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасының ережелерін өзектендіру және оны іске асыру туралы негізгі іс-шаралардың жаңа жоспар жобасын әзірлеу жұмысы жүргізулуде.

Қосылған : 4.12.2013, 19:52, Өзгертілген : 2.02.2018, 09:55