СІМ өңірлердегі фронт-офистердің жұмысымен танысты

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 28 тамыз   Елдің отандық экономикасына инвестиция тарту жүйесін өңірлік деңгейде тиімді іске асыру мақсатында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаиров Шымкент қаласында, Түркістан және Қызылорда облыстарында белгіленген кеңестер өткізді, оның шеңберінде жергілікті жерлерде инвестиция тартуға жауапты жиналысқа қатысушыларға тиісті ұсынымдар берілді.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Е. Хаиров өңірлік фронт-офистердің – «Бизнес супермаркет» (Шымкент қ.) және «Кәсіпкерлер үйі» (Қызылорда қ.) қызметімен танысты, сондай-ақ Шымкент қаласындағы бірқатар өнеркәсіптік нысандарды аралады: «Бал Текстиль» ЖШС (кілем бұйымдарын өндіру), «Lux Shoes» БК ЖШС (аяқ киім өндіру), «Әлем БТ» ЖШС (шұлық-ұйық өнімдерін өндіру).

Қызылорда облысында қазақстандық СІМ өкілі «Orda Glass» ЖШС шыны зауытында болды.

Қосылған : 28.08.2019, 20:05, Өзгертілген : 28.08.2019, 20:05