Саяси диалог және экономикалық қатынастар - Қазақстан мен Ангола Сыртқы істер министрлерінің назарында

АСТАНА, 2018 жылғы 5 қыркүйек – Ангола Республикасының Сыртқы істер министрі, Ангола Республикасы Президентінің арнайы өкілі Мануэл Домингуш Аугушту Қазақстанға алғаш рет сапармен келді.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен келіссөздер барысында тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өз ұстанымдары ортақ екенін растады, екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайын бағалап, түрлі салалардағы келешегін атап өтті.

Қазақстан Анголамен екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға үлкен мән береді. Кеңес Одағынан бастап Қазақстан мен Ангола достық қарым-қатынастарды ұстанады. Ангола қоғамында жауапты лауазымдарға ие Анголаның көптеген студенттері қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алды. 1975 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қазақстандық мамандар Анголадағы өндірістік нысандарды құруға белсенді қатысқандығы атап өтілді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты емес мүшелігі аясында Африка одағының бейбітшілік пен қауіпсіздік кеңесінде Анголаның алдағы төрағалығына байланысты және дүниежүзілік ұйымның негізгі органдарының бірінің күн тәртібінде Африка мәселелерінің қарастырылуын ескере отырып, тиімді өзара әрекеттестік туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар, тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық салаларын қоса алғанда барлық бағыттарда екіжақты ынтымақтастықты кеңейту үшін қажетті әлеуетке ие екендігін мәлімдеді. Осыған орай, М. Аугушту Ангола бизнес қауымдастығының ірі өкілдерінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы ниет білдірді. Ангола тарапы тау-кен өнеркәсібі мен теміржол құрылысы, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігіне айрықша қызығушылық танытты.

Атап айтқанда, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық жобасы, «Белдеу және жол» бастамасы, сондай-ақ Африканың теміржол аралық континенттiк байланысын дамыту Қазақстанның осы континентпен байланысына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қосылған : 6.09.2018, 14:55, Өзгертілген : 6.09.2018, 15:00