Қазақстан Елшісі Тәжікстан Президентіне сенім грамоталарын табыстады

ДУШАНБЕ, 2019 жылғы 31 шілде Ұлт Сарайында Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Асқар Тәжібаевтың Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонға сенім грамоталарын табыстау салтанатты рәсімі өтті.

Рәсім барысында Э.Рахмон қазақстандық-тәжік қатынастарының жоғары деңгейін атап өтіпекі ел арасындағы өзара тиімдідәстүрлі достықөзара іс-қимылдыодан әрі дамытуға дайын екендігін білдірдіСондай-ақТәжікстан Президенті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізіп, жаңа елшіге қазақстандық-тәжік ынтымақтастығын нығайту бағытында сәтті және жемісті жұмыс тіледі.

Өз кезегінде А.Тәжібаев Тәжікстан Президентін екі ел басшыларының мемлекеттер арасындағы ежелгі бауырластық пен достық қатынастарын нығайту және кеңейту жөніндегі міндеттерін орындауда Елшілік барлық күш-жігерін жұмсайтындығына сендірді.


ФОТО: www.president.tj

Қосылған : 31.07.2019, 16:00, Өзгертілген : 31.07.2019, 16:00