Қазақстан Елшісі Босния және Герцеговинаның Төралқа Төрағасына сенім грамоталарын тапсырды

САРАЕВО, 2018 жылғы 7 қыркүйек - Қазақстанныңның Босния және Герцеговинадағы қоса атқарушы Елшісі Төлежан Барлыбаев Босния және Герцеговинаның Төралқа Төрағасы Бакир Изетбеговичке сенім грамоталарын тапсырды.

Кездесу барысында екі жақты қарым-қатынастарды дамытудың жағдайы мен келешегі талқыланды. Елші Босния және Герцеговина Төралқа басшысына Сараевода Қазақстанның Құрметті консулдығы мен Кәсіпкер ынтымақтастығы қауымдастығын құру бойынша атқарылған жұмыс, сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығы делегациясының Босния және Герцеговинаға жақын арада жұмыс сапармен келуді жоспарлап отырғаны туралы баяндады. Дипломат мемлекетаралық қарым-қатынастарды жан-жақты тереңдетуге және халықаралық аренада екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға Қазақстан көшбасшылығының бағытын атап өтті.

Б. Изетбегович Сараевоның екі ел расаындағы саяси диалогты дамытуға, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға мүдделілігін атап өтті. Мемлекет басшысы барлық Қазақстандықтарға өзінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, Елшіге табысты дипломатиялық миссия тіледі.

Қосылған : 7.09.2018, 19:15, Өзгертілген : 7.09.2018, 19:15