Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшісі Иосиф Кобзонмен қоштасу рәсіміне қатысты

Бүгін Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Иманғали Тасмағамбетов П.Чайковский атындағы концерт залында өткен КСРО халық әртісі, РФ Мемлекеттік думасының депутаты Иосиф Кобзонмен қоштасу рәсіміне қатысты.

Елші марқұмның отбасына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан көңіл айтты.

Аты аңызға айналған әртісті ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне Бүкіләлемдік Рухани Мәдени Форум бойынша әріптесі, Қазақстанның атақты композиторы, қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов қатысты.

И. Кобзон өзінің туған күніне дейін бірнеше күн жетпей Мәскеуде қайтыс болды, өткен жылғы қыркүйекте әнші 80-жас мерейтойын тойлаған.

Ол ұзаққа созылған аурудан 81 жасына толмай өмірден озды.

И. Кобзон белсенді түрде әлеуметтік-саяси қызметпен айналысты. Қазақстанда сүйікті қонақ болатын.

Оның Қазақстанға деген ықыласы ерекше болды. Ол 2015 жылы Қазақстан халқының Ассамблея кеңесінің отырысында Астана қаласын әлемнің рухани астанасы деп айрықша атаған еді. Оның көптеген марапаттарының ішінде қазақстандық екінші дәрежелі «Достық» ордені мен «Астана» медалі бар.

Қосылған : 2.09.2018, 10:40, Өзгертілген : 2.09.2018, 11:40