Қазақстан елшісі Тәжікстанмен ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттары туралы айтты

АСТАНА, 2018 жыл 13 наурыз – Тәжікстан Республикасы Президенті Эмомали Рахмонның Астанаға ресми сапары қарсаңында Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімовтың БАҚ өкілдеріне арналған брифингі өтті.

Н. Сейтімов Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтасты дамытудың негізгі бағыттары мен алдағы жоғары деңгейдегі келіссөздердің күн тәртібіндегі негізгі мәселелер туралы айтты.

«Мемлекет басшыларының ертеңгі кездесуі шағын және кеңейтілген құрамдарда өтетін келіссөздер болады. Онда өңірдегі күн тәртібінің өзекті мәселелері халықаралық нысанда да талқыланатын болады. Сонымен қатар, сауда-экономикалық қатынастарды сапа тұрғысынан жаңа деңгейге шығару мақсатында оны одын әрі дамытудың мәселелеріне баса назар аударылатын болады»,- деді елші.

Дипломат Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына ағымдағы жылы 25 жыл толатынын атап өтті. Бүгін бұл қарым-қатынастар стратегиялық рухында дамуда. «Қазақстан мен Тәжікстан сыртқы саяси бастамаларда бір-біріне қолдау көрсетуде. Мәселен, Тәжікстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі үшін Қазақстанның кандидатурасына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын Астанада құру туралы бастамасына және «ЭКСПО-2017» көрмесін Қазақстанда өткізу өтінішіне қолдау көрсетті», - деп қосты Н.Сейтімов.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы айта келе, елші Тәжікстанның басты сыртқы сауда әріптестерінің арасында Қазақстан екінші орында екенін атап өтті. Осылайша, 2017 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы 776 миллион долларды құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 31,5 пайызға жоғары.

«Мұнай, көлік, коммуналдық техника, қала автобустары, теміржол саласы үшін өнімдер қазақстандық экспорттың Тәжікстанға бағытталған әлеуетті тауарлары болып табылады. Тәжікстанда Қазақстанда жиналатын Evolution жаңа буынның тіптен төрт локомотиві орнатылды. Сонымен қатар екі локомотивті жеткізу туралы келісім-шартқа қол қойылды: біреуі жеткізілді, екіншісі жолда», - деді Н.Сейтімов.

Қазақстан елшілерінің БАҚ өкілдеріне арналған брифингтері Сыртқы істер министрлігінде «Жаңа мүмкіндіктер» атты арнайы бағдарламасының аясында тұрақты түрде өтеді.

Қосылған : 13.03.2018, 19:45, Өзгертілген : 13.03.2018, 19:45