Қазақстан Елшісі «GlobalBODGroup» компаниясымен кездесті

«Жасыл» энергетиканы одан әру дамыту жөніндегі міндеттерді пысықтау мақсатында, 2019 жылы 8 ақпанда Қазақстанның Литвадағы Елшісі В.Темірбаев күн тақталарын өндіруші Еуропалық Одақтағы жетекші компания саналатын - «Global BOD Group»-тың зауытында болды.

Компанияның директоры Видмантис Янулявичюспен келіссөздер барысында қазақстандық дипломатөз сұхбаттасын Қазақстандағы балама энергия көздерін дамыту жөніндегі қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталықтың қызметі туралы хабардар етті.

Бұдан басқа, тараптар әлемдегі жаңғыртылатын энергия көздерінің одан арғы дамуына болжам жасап, оның перспективалары туралы пікір алмасты.

«Global BOD Group» бұған дейін СD, DVD, Blu ray дисктер шығаратын алып кәсіпорын болды, кейін фотовольтажды модульдарды дамытуды қолға алды. Қазіргі таңда, «Global BOD Group» компаниясы Еуропалық Одақтағы күн бөлшектері мен модульдерді («SoliTek») қатар жасайтын екі зауыттың бірі. Инновациялық базасының әлеуетінің арқасында зауыт 25-50%-ға артық энергия беретін және 30 жылға дейін тиімділігін жоғалтпайтын «шиша-шиша» атты жаңа буындық күн батареяларын өндіруді қолға алды.

Ал, зауыттың ерекшелігіне тоқталатын болсақ, ол жерасты суларының көмегімен жылытылады және салқындатылады. Қажетті энергия қуатын, зауыттың шатырына орналастырған күн батареялары паркінен алады. Аталған шешімдердің арқасында «Global BOD Group» компаниясына Еуропадағы ең экологиялық таза өндіріс орны деген ат берілген.

Өз кезегінде В.Янулявичюс Қазақстанмен жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-литвалық үкіметаралық комиссияның 12-ші отырысы шеңберінде өтетін бизнес форумға қатысуға ниет білдірді.

Қосылған : 11.02.2019, 17:00, Өзгертілген : 11.02.2019, 17:00