Мемлекеттік қызметке қабылдану тәртібі

Байқауға қатысу үшін азаматтар ҚР Сыртқы Істер Министрлігіне (ҚР СІМ одан әрі) келесі құжаттарды тапсырулары қажет:

1) өтініш (26кб, .doc);
2) 3х4 суретпен нысанда толтырылған сауалнама (33кб, .doc);
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) денсаулығы туралы 087 анықтамасы;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Байқауға қатысуға төмендегі азаматтар жіберілмейді:
- зандық күшіне ие соттық шешімі бойынша еңбекке жарамсыз немесе еңбек жарамдылығы шектелен азаматтар;
- зандық күшіне ие соттық шешімі бойынша белгіленген нақты бір мерзім ішінде мемлекеттік қызметтен босатылған азаматтар.

Өз уақытынан тыс немесе толық тапсырылмаған құжаттар, үміткерлерге қойылған талапқа сәйкессіздігінен байқауға қатыстырмауға негіз бола алады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер ҚР СІМ-де сұхбаттан өтеді.

Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар мына мекен – жайда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ұсынады: 010000 Қазақстан, Астана, Қонаев к-сі, 31 ғимарат

Анықтама үшін телефондар: 72-04-05.

Байқауға қатысу бойынша шығындарды азаматтар өздері көтереді.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға байқаудың ережелері республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттері және Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің электрондық адресі www.kyzmet.gov.kz) жарияланады.

Қосылған : 4.12.2013, 09:17, Өзгертілген : 21.09.2017, 17:20