Польша Президенті Қазақстан басшылығымен тұрақты диалогты жалғастыруға әзірлігін білдірді

ВАРШАВА, 2019 жылғы 4 шілде - Польша Президенті Анджей Дуданың елде аккредиттелген, поляк тілін жақсы меңгерген шетелдік елшілір тобымен дәстүрлі жыл сайынғы кездесуі аясында Қазақстанның Польшадағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Польшаның мемлекет басшысымен жеке кездесуін өткізді.

Қазақстандық дипломат А.Дудаға, Елшіліктің бастамасы бойынша поляк тілінде шығарылған, автордың жеке қолы қойылған, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын табыс етті. Польша басшысы Елбасының достық пейіліне алғысын білдіріп, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына және нығайтылуына қосқан зор үлесін, сондай-ақ Қазақстан-Польша ынтымақтастығының қарышты дамуын атап өтті.

Польша көшбасшысы Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жемісті байланыстарын жалғастыруға ниетін білдіріп, алдағы халықаралық іс-шаралардың барысында жеке танысуға дайын екендігін білдірді. Сұхбат барысында 2016-2017 жылдардағы жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасқаннан кейін дамудың қуатты серпініне ие болған екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларына оң баға берілді. Елші М.Баймухан Қ.Тоқаевтың Қазақстан Президенті лауазымына сайлануына орай жолданған құттықтау хаты үшін А.Дудаға алғысын білдірді.

Сонымен қатар, Елші 2019 жылғы 19 маусымда Варшавада Түркістан облысының тұрғыны Тасыбай Әбдікәрімовке Польшаның «Virtus et Fraternitas» медалінің өз басымен тапсырғаны үшін Польша Президентіне алғысын білдірді. Бұл марапат XX ғасырда тоталитарлық жүйенің құрбандары болған поляктарға немқұрайлы көмек көрсеткен шетелдік азаматтарға беріледі. Айта кетерлік жайт, Т.Әбдікәрімов осы жоғары үздігіне ие болған Қазақстанның алғашқы азаматы болды.

Қосылған : 4.07.2019, 20:30, Өзгертілген : 4.07.2019, 20:30