Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ішкі аудит қызметі туралы ереже

Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ішкі аудит қызметінің мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысын ұйымдастыруды айкындайды.

1. Жалпы ережелер

1.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі - ІАҚ) Қазақстан РеспубликасыСыртқы істер министрінің (бұдан әрі - Министр) шешімімен (бұйрығымен)құрылады.

2.ІАҚ өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы»2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 12544 бұйрығымен (бұдан әрі - № 12544 бұйрық) бекітілген Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережеге, қолданыстағы заңнаманың талаптарына және Министрліктің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

З. ІАҚ құрылымын және штат санын (сандық құрамы) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы(бұдан әрі - Жауапты хатшы) бұйрық (өкім) негізінде бекітеді.

4. ІАҚ қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі Ішкі аудит қызметі туралы ереженің негізінде әзірленетінлауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді және Министрдің келісімімен Жауапты хатшының бұйрығы (өкімі) негізінде бекітіледі.

2. ІАҚ мәртебесі

5.ІАҚ Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерінен тәуелсіз, Министрге бағынады және есеп береді, Министрліктің ішкі бақылау жүйесінің мониторингі бөлігі ретінде болады.

6. ІАҚ ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуде және ішкі аудит нәтижелері туралы есептер дайындауда тәуелсіз болады.

7.ІАҚ Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерінің құзыретіне жататын жұмыстарға, сондай-ақ оның өкілеттіктеріне жатпайтын бағдарламалар мен жобаларды дайындауға немесе орындауға тартуға болмайды.

8.ІАҚ қызметкерлеріне ІАҚ мәртебесіне, Министрлік туралы ережесіне және осы Ережеге сәйкес қолданылуы мүмкін емес құжаттарды қоспағанда, Министрліктің ішкі құжаттарының ережелері таратылады.

9. ІАҚ қызметін бағалауды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

3. ІАҚ мақсаты, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

10.Министрге Министрліктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін қажетті жәрдемдесу, Министрлікті тиімді басқаруды және бюджет қаражатын, мемлекеттің активтерін және тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген квазимемлекеттік сектордың субъектілерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты ұсыну ІАҚ негізгі мақсаты болып табылады.

11.ІАҚ міндеттері:

1) Министрліктің стратегиялық жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау;

2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, Министрліктің қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру.

12.ІАҚ функциялары:

1) Министрліктің қаржылық есептілік аудитін жүргізуге қатысады;

2) Министрлікте оның аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары, соның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы бойынша тиімділік аудитін жүргізеді;

3) Министрлікте оның аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізеді;

4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерін және шарт талаптарын орындау, соның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша сәйкестік аудитін жүргізеді;

5) Министрліктің ішкі процестерінің тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде Министрлікте оның аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;

6) стратегиялық жоспардың бюджеттік шығыстармен өзара байланыстағы мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін талдайды;

7) Министрлікте тауарлық-материалдық қорлардың және өзге активтердің сақталуын тексеруді жүзеге асырады;

8) мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды адамдарының ішкі мемлекеттік аудиті жүргізуге байланысты тиісті ақпаратын тыңдайды;

9) Министрге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларға жол бермеу жөніндегі анықталған кемшіліктерді жою, Министрліктің қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдармен бірге ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есепті енгізеді;

10)Министр үшін жылдық жұмыс жоспарларының орындалу мониторингін жүзеге асырады;

13.ІАҚ құқықтары:

1)құпиялылық режимінің, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша ведомстволық ақпараттық жүйелер деректерінің құрамы мен форматтары туралы, құжаттамаларды, ақпараттарды, материалдарды (дәлелдемелерді) анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратады;

2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстарды әзірлеу және оларды тиісті уәкілетті органдардың қарауына ұсынады;

3) мемлекеттік аудит жүргізу шеңберінде құпиялылық режимінің, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге рұқсат алады;

4)мемлекеттік аудиттің міндеттері мен нысанасына сәйкес ішкі аудит нәтижелері туралы есеп дайындау үшін өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, ақпаратты, оның ішінде электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге рұқсатты, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де, оның ішінде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты белгіленген мерзімдерде сұратады және алады;

5) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қабылданған актілер мен құжаттарды сұратады;

6)өз құзыреті шегінде мемлекеттік аудит объектілерінің басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудит жүргізу кезінде анықталған бұзушылық фактілері бойынша жазбаша түсініктемелерді беруді, сондай-ақ құжаттардың белгіленген тәртіппен куәландырылған қажетті көшірмелерін талап етеді;

7) Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарда ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі жұмыста консультациялық қызметтер көрсетеді;

8) ІАҚ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарға ие.

14.ІАҚ міндеттері:

1) мемлекеттік аудиттіжәне қаржылық бақылауды қатаң түрде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестікте жүргізеді;

2) ІАҚ жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын және ІАҚ оқыту бойынша жоспарларын әзірлейді, Министрге бекітуге ұсынады және орындалуын қамтамасыз етеді;

3) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Министр бекітетін тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастырады;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасынасәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналып, бекітілген тізбелері мен оларға өзгерістер бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Министрліктің интернет-ресурсында орналастырады;

5) тексерулердің қайталануын болғызбау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелерін және оларға өзгерістерді өзара келіседі;

6) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары және ІАҚ аудиторлық қорытындыда берген ұсынымдардың және міндетті түрде орындалуға бағытталған нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асырады.

7) мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы фактілері бойынша актілер жасайды;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтайды;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын бірыңғай дерекқорға орналастырады;

10) мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға береді;

11) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамайды;

12)бұзушылықтардың алдын алу, оны анықтау және оның жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындайды;

13) қызметтік және кәсіптік әдеп талаптарын сақтайды;

14)мемлекеттік аудит объектісі басшысының (лауазымды адамдарының) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмейді, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсініктер береді;

15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияға жататын мәліметтерді жария етпейді;

16) Министрге мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлайды;

17) мемлекеттік аудит нәтижелерін мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпарат пен нақты деректерге ғана негіздейді;

18) Министрліктің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесімен өзара іс-қимыл жасайды, оның ұсыныстарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

19) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындайды;

15. ІАҚ өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

16. Мемлекеттік аудитті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары мен стандарттарын бұзғаны үшін ІАҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылықта болады.

4. ІАҚ қызметін ұйымдастыру

17. ІАҚ-ға басшылықты Министрліктің жауапты хатшысының бұйрығы (өкімің) негізінде лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ІАҚ басшысы жүзеге асырады;

18. ІАҚ басшысы ІАҚ-ға жүктелген міндеттердің орындалуын және функцияларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл,өзінің құрылымдық бөлімшесіндегі қызметкерлерінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейді, Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес құрамына қатысады.

19. ІАҚ басшысы Министрліктің жауапты хатшысымен келісе отырып, ІАҚ құрылымы және штат кестесі бойынша ұсыныстарын Министрге ұсынады.

20. ІАҚ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ІАҚ атынан Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне, ведомстволарына, аумақтық органдарына ведомстволық бағынысты ұйымдарына жіберілетін құжаттар мен сауалдарға ІАҚ басшысы, ал ол болмаған жағдайда, оны ауыстыратын адам қол қояды.

21. ІАҚ қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеру жағдайлары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы заңымен, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңымен, Ішкі аудит қызметі туралы ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықты актілермен белгіленеді.

22. ІАҚ қызметі оларға жүктелген міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Министр бекітетін ІАҚ жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарына және тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

5. ІАҚ есептілігі

23. ІАҚ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар туралы есептері мен ақпаратты жолдайды.

24. ІАҚ жыл сайын Министрге, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары туралы жылдық есептерін ұсынады.

Қосылған : 9.02.2017, 02:10, Өзгертілген : 9.02.2017, 02:10