Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2018 жылы атқарған жұмысы туралы есебі

1. Жалпы ережелер


1)
Қызмет ұсынушы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасының аумағында сыртқы саясат аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің субъектісі болып табылады.

2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 1-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ҚР шет елдердегі мекемелерімен көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 983 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, сыртқы саясат саласында 19 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде Сыртқы істер министрлігімен – 1, Министрлік және шет елдердегі мекемелермен – 3, шет елдердегі мекемелермен – 15 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтер саны

Тізілімге сәйкес, 2018 жылы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен 152 953 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

Дипломатиялық қызмет органдарының шет мемлекеттерде орналасуына және олардың кәсіби қызметтерінің ерекшелігіне орай, мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасында орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы көрсету қазіргі таңда мүмкін емес.

2018 жылғы 3 мамырда мемлекеттік қызметтерді іріктеу бойынша Ведомствоаралық комиссиямен мемлекеттік қызметтерді Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мақсатқа сай емес деген шешім қабылданды.

Тегін және (немесе) ақылы түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

Дипломатиялық қызмет органдарымен тегін 5 (бес) мемлекеттік қызмет көрсетілді, ал қалған 14 (он төрт) мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетілді.

Электронды және (немесе) қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

ҚР дипломатиялық қызмет органдарымен барлық 19 мемлекеттік қызметтер қағаз түрінде көрсетіледі.

Ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

2018 жылы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен жалпы көрсетілген 152 953 мемлекеттік қызметтердің ішінде, ең көп талап етілетін мемлекеттік қызмет: «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту».

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жасалған жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары

Қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі және мәртебесі туралы Министрліктің (mfa.gov.kz) және ҚР шет елдердегі мекемелерінің интернет-ресурстарынан, «электрондық үкімет» (www.egov.kz) веб-порталдарынан, бірыңғай байланыс-орталығынан (1414) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын жария ету және талқылау

2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобалары Министрліктің mfa.gov.kz интернет-ресурсында және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында жария етіліп, талқылау үшін орналастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобалары жария етіліп, талқылау шаралары бойынша жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстары келіп түспеген.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларының талаптарына сәйкес, мүдделі қызмет алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттар жобаларын жария ету және талқылау үшін «электронды үкімет» веб-порталында (www.e.gov.kz) және Министрліктің mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бағасы нормативтік-құқықтық бекіту мен «Консулдық алым ставкаларының, сондай-ақ жеделдігі үшін консулдық алым ставкасының ең төменгі және ең жоғары базалық мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 197 қаулысымен бекітілген, ақылы түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің құны ҚР Салық Кодексінің негізінде есептеледі.

Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат Министрлік пен шет елдердегі мекемелердің интернет-ресурсында және қабылдау бөлмелерінің ақпараттық стендтерінде көрсетілген.

3.Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін жетілдіру бойынша іс-шаралар

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандырудың нәтижелері

«Электрондық виза» (пилоттық жоба) жол картасы 2018 жылғы 12 ақпанда бекітілді. Қазақстанда шетелдік азаматтарға туристік, емделуге және іскерлік санаттары бойынша электрондық визаларды беруді енгізу жұмыстары жүргізілді.

2018 жылғы мамыр-қараша аралығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.Қ. Жұмағалиевтің төрағалығымен өткен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның Хаттамаларына сәйкес, Сыртқы істер министрлігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қарастырылды.

Ведомствоаралық комиссия отырыстарының шешімі шеңберінде Министрліктің і оңтайландыру бойынша келесі жол карталары бекітілді:

1.«Шетелде әке (ана) болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу» жол картасы жаңа мемлекеттік қызмет стандартын бекіту арқылы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі күнтізбелік 30 күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

2.«Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» жол картасы мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімі күнтізбелік 120 күннен 80 күнге дейін қысқартылды.

3. «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою» жол картасы бойынша мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімі 3 жұмыс күнінен 2 күнге дейін қысқартылды.

Сонымен қатар, «Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 жұмыс күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқарту арқылы оңтайландырылды.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы
16 мамырдағы №11-1-4/183 бұйрығымен «Шетелде әке (ана) болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілді (нормативті-құқықтық актілер Тізіліміне мемлекеттік тіркеуге № 17089 тіркелді).

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы №11-1-4/486 бұйрығымен «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілді (нормативті-құқықтық актілер Тізіліміне мемлекеттік тіркеуге № 17711 тіркелді).

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 7 қарашадағы №11-1-4/515 бұйрығымен «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілді (нормативті-құқықтық актілер Тізіліміне мемлекеттік тіркеуге № 18066 тіркелді).

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді ретке келтіру мақсатында, ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 548 қаулысымен Тізілімге 1 мемлекеттік қызмет енгізіліп, 2018 жылғы 29 желтоқсанда 1 мемлекеттік қызмет алынып тасталды.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар туралы ақпарат

2018 жылы қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 1 шағым келіп түсті.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы қорытынды

Министрлікпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау тұрақты негізде жүргізіледі. Нәтижелері бойынша тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне 2016 жылғы 8 желтоқсандағы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының № 78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау ережесінің формасына сәйкес есеп жолданды.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, жыл сайын Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінде бірқатар тексерістер жүргізілуде (2018 жылы – 9 мекеме). Тексеріс барысында шет елдердегі мекемелерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс бойынша ұстанымдар, табылған кемшіліктерді жоюға қатысты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша құқыққа қайшы келетін бұзушылықтарды алдын алу мақсатында, барлық шет елдердегі мекемелерде келесі шаралар қолданылды:

1. «Сенім телефондары» орнатылды және келушілердің өкілдіктің басшысына тікелей шағымдануға мүмкіндік беретін жауапты қызметкерлер тағайындалды.

2. Қызметті алушылардың өтініштері мен тілектерімен жеке танысу үшін шет елдердегі мекеме басшысында қабылдау сағаты көзделген.

3. Шет елдердегі мекемелердің ақпараттық стендтерінде және
веб-сайттарында азаматтарды қабылдау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртібі, консулдық алымның тарифтері, сондай-ақ электрондық мекенжайлар мен байланыс мәліметтері, лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағымдану тәртібі жөнінде ақпараттар орнатылған.

4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында лауазымды тұлғалардың ағылшын немесе болу елінің тілінде Т.А.Ә. мен лауазымы көрсетілген бейджді тағу көзделген.

Сонымен бірге, шет елдердегі консулдық мекемелерде кезекті көп күту немесе қабылдау бөлмелерінің тар болуына орай, арызданушылардың оларды кеңейту туралы ұсыныстарына, ол бірінші кезекте Елшілік ғимараттарының аумағы және қауіпсіздігін сақтау мәселесіне байланысты екені туралы жеткізілді.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау нәтижелері

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысты есептік ақпарат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тоқсан сайын жіберіліп отырды.

2018 жылы аталған мемлекеттік органның тексеріс нәтижесінде төрт қызметтің уақтылы көрсетілмегені анықталды.

4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызмет ұйымдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі өткізілді.

Ұсыныстарды ескере отырып, Министрлік мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру үшін ҚР шет елдердегі консулдық мекемелерінде «сенім телефондарын» орнату, шетел уәкілеттігінде ақпараттық стендтерінде азаматтарды қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері мен консулдық алым тарифтары жөнінде, сондай-ақ лауазымды адамдардың электрондық поштасы мен байланыс телефондарын көрсету шаралары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің сақталуы және шет елдердегі мекемелердің веб-сайттарындағы консулдық сұрақтар бойынша ақпараттардың мазмұндылығы мен өзектілігі туралы тұрақты түрде тексеру жүргізілді. Сондай-ақ, қызмет алушылардың арыздары және өтініштерімен жеке танысу үшін шет елдердегі мекеме басшысының қабылдау сағаттары белгіленді. Шет мемлекеттерде Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда оларға жедел көмек көрсету мақсатында іске асырылған Министрліктің «SmarttravelKZ» мобильдік қосымшасында біздің азаматтарымызға консулдық есепке тұру жөнінде ақпараттар көрсетілген. Бұған қоса, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларындағы халықаралық әуежайларында шет елге шығатын Қазақстан азаматтарына консулдық есепке тұру қажеттілігі жөнінде ұсыныстар орналастырылған.

ҚР шет елдердегі мекемелерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында, Министрлікпен «Мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан көрсету» пилоттық жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде ҚР азаматтарына «Электрондық үкімет» (eGov.kz) порталында жүзеге асырылған мемлекеттік қызметтерді көрсетуге мүмкіндік беретін жабдық орнатылды.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының тиімділігін одан әрі арттыру және қызметті алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру перспективалары

2019 жылы Министрлікпен мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстарды атқару жоспарлануда. Атап айтсақ, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру (автоматтандыру) бойынша іс-шараларды жүргізу жоспарлануда.

Дипломатиялық органдармен көрсетілетін «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару» және «Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік қызметтерін оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қосылған : 15.04.2019, 14:40, Өзгертілген : 15.04.2019, 14:40