ЯСЖТШҰ

1996 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясы Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартқа дауыстардың көпшілігін берді.

ЯСЖТШ халықаралық қауіпсіздік пен ядролық таратпау жүйесіндегі іргетастардың бірі болып табылады.

ЯСЖТШ XIV бабына сәйкес 2-қосымшаға кіретін және ядролық әлеуеті бар 44 мемлекет Шартты ратификациялауға тиіс екенін атап өту қажет. Шарттың күшіне енуі 2-қосымшадағы 44 мемлекеттен 8 мемлекетке байланысты (АҚШ, Қытай, КХДР, Иран, Мысыр, Израиль, Индия мен Пакистан).

ЯСЖТШ-ға сәйкес әр мүше мемлекет оның юрисдикциясы немесе бақылауындағы кез келген жерде ядролық қарудың сынау жарылысын өткізбеуге, ядролық жарылыстарға тыйым салуға және оларды болдырмауға міндеттенеді. Шарттың орындалуына жан-жақты бақылау сейсмикалық, радионуклидтік және инфрадыбыстық бақылау салаларындағы жаңа технологияларды пайдаланатын Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымына (ЯСЖТШҰ) жүктеледі.

ЯСЖТШҰ-ның келесі органдары бар: Мүше мемлекеттердің конференциясы, Даярлау комиссиясы, Уақытша техникалық хатшылық.

Уақытша техникалық хатшылық Халықаралық ядролық сынақтар мониторингі жүйесі (ХМЖ) мен Халықаралық деректер орталығының (ХДО) жұмысын бақылайды, мониторинг станцияларын орнатуға және іске қосуға, жер-жердегі инспекцияларға қатысты сұрау салуларды қабылдауға және оларды өңдеуге, жер-жердегі инспекцияларды дайындауды жүзеге асыруға және оларды өткізу барысында техникалық жәрдем көрсетуге жәрдемдеседі.

ЯСЖТШ шеңберінде құрылатын тексеру режимі сейсмологикалық, радионуклидтік, гидроакустикалық, инфрадыбыстық байқау жүйелері бойынша іс-шараларды, сондай-ақ консультациялық рәсімдерді, жер-жердегі инспекциялар мен қауіпсіздік шараларын қамтитын Халықаралық мониторинг жүйесін қамтиды.

Шарттың ережелеріне сәйкес Халықаралық ядролық сынақтар мониторингі жүйесі құрылады. Ғаламдық желі 337 бақылау станцияларынан тұрады (170 сейсмикалық, 11 гидроакустикалық, 60 ультрадыбыстық, 80 радионуклидтік станция және 16 радионуклидтік зертхана). 90 елдегі станциялардың орналасу орындары бүкіл әлемдегі ядролық объектілерді нақты уақыт тәртіптемесінде ғаламдық бақылауды лайықты қамтамасыз етуді есепке алумен анықталады.

Ұйымның штаб-пәтері Венада орналасқан.

Қызметшілер штаты – 70-ден астам елден 260-тан астам жоғары білікті қызметші.

2015-2017 жылдар аралығында ЯСЖТШ XIV бабы бойынша конференцияда Қазақстанның тең төрағалығы туралы

2013 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте ЯСЖТШ XIV бабы бойынша конференция шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымы (бұдан әрі – ЯСЖТШҰ) Даярлау комитетінің Атқарушы хатшысы Л.Зербомен кездесуі барысында Қазақстанға 2015 жылы 9-шы конференцияда тең төрағалыққа өз кандидатурасын ұсынуға шақырылды.

Аталған конференциялар жылына екі рет Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясы шеңберінде өткізіліп, халықаралық қоғамдастықтың назарын өзіне кеңінен аудартады.

Жалпы алғанда, тең төрағалардың қызметі Шарттың әмбебаптығына жәрдемдесуге бағытталған бейресми келісілген іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруға негізделеді.

Аталған іс-қимыл жоспары өңірлік конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, брифингтарды және басқа іс-шараларды өткізуді көздейді. Осы жұмысқа тең төрағалар елдерінің дипломатиялық өкілдіктері де тартылады. Олар аккредитация елдерінің дипломатиялық корпусын осы бағытта жүзеге асырылатын жұмыс туралы хабардар етуге жүктеледі.

2015 жылғы 23 ақпанда ЯСЖТШҰ Венадағы отырысында Қазақстан мен Жапония 2015-2017 жылдар кезеңіне ЯСЖТШ XIV бабы бойынша конференцияның тең төрағалары тағайындалды.

Өз міндеттеріне сәйкес Қазақстан мен Жапония ү.ж. 29 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде өткен ЯСЖТШ XIV бабы бойынша 9-шы конференцияның тең төрағалары ретінде сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына 2011-2012 жылдардағы жолдауларында Қазақстанның ядролық қауіпсіздік пен ғаламдық ядролық қаруға қарсы қозғалыста ғаламдық көшбасшылығы бойынша міндет қойғанын атап өту қажет.

Осы орайда Қазақстан ЯСЖТШҰ алаңын қарусыздандыру мен таратпау салаларындағы өз бастамаларын ілгерілету және Қазақстан үлгісін қоса алғанда ядросыз әлем, ядролық сынақтарға тыйым салу идеяларын кеңінен насихаттау үшін белсенді түрде пайдалануға ниетті.

Тараптау саласындағы негізді міндеттердің бірі Шартқа қол қойып, оны ратификациялаған мемлекттердің санын арттыру арқылы ЯСЖТШ ілгерілемелі әмбебатылығын қамтамасыз ету болып табылады. Осыған орай, Қазақстан мен Жапония ЯСЖТШ-ға қол қоймаған және/немесе оны ратификацияламаған басқа мемлекеттерге мұны мүмкіндігінше тезірек істеуге үндеу жасайды.

Жапония Премьер-Министрі С.Абэның сапары барысында біздің елдеріміздің лидерлері ЯСЖТШ-ның күшіне енуін мүмкіндігінше қысқа мерзімде қамтамасыз етуге берік бейілділігін растап, бірлескен үндеу жасады. Аталған құжат мұндай жоғары деңгейде бекітілген бірінші құжат болып табылады.

ҚР-дың ЯСЖТШҰ-мен ынтымақтастығы

1996 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы ЯСЖТШ-ға қол қойды. Шарт Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы №270-II Заңымен ратификацияланып, 2002 жылғы 14 мамырда күшіне енді.

Қазақстанның ЯСЖТШ әмбебаптылығын арттыруы мен оның басқа мемлекеттерімен ратификациялауына бағытталған күш-жігері бақылау режимінің негізгі элементтерінің көбіне жатады:

1. ХМЖ қазақстандық секторының бақылау станцияларының құрылуы мен қызметі

ЯСЖТШ 1999-2006 жж. хаттамасына сәйкес Қазақстанда бес жаңа ЖМЖ станцияның – төрт сейсмикалық және бір инфрадыбыстық станцияның құрылысы аяқталды. Осы жұмыстың нәтижесінде Қазақстанда келесі станциялар табысты жұмыс істейді:

- PS23-Маканчи негізгі сейсмикалық желісінің бір станциясы – сейсмологиялық топ (2000 жылдан бастап);

- көмекші сейсмикалық желінің 3 станциясы: AS057-Бұрабай – негізгі желіге запастағы сейсмологиялық топ (2002 жылдан бастап), AS058-Курчатов – сейсмологиялық топ (2006 жылдан бастап), АS059-Ақтөбе – үш компонентті станция (2005 жылдан бастап);

- IS031-Ақтөбе инфрадыбыстық желінің станциясы (2001 жылдан бастап).

Барлық станциялар 2002-2006 жылдар кезеңінде халықаралық сертификаттаудан өтіп, тәуліктік үздіксіз режімде жұмыс істейді.

Сонымен бірге, ЯСЖТШ-ны қолдау мақсатында және АҚШ-мен келісім шеңберінде тағы екі сейсмикалық топ құрылды: Батыс Қазақстанда Ақбұлақ және Оңтүстік Қазақстанда Қаратау. Осыған қоса, әлеуетті өзара іс-қимыл жасайтын ұлттық объектілер ретінде тағы 11 станция қалпына келтіріліп, жаңғыртылып, жұмыс істейді.

Сонымен, Халықаралық мониторинг желісінде пайдаланылатын төрт бақылау технологиядан екеуі – сейсмикалық және инфрадыбыстық –Қазақстанда бар.

2. Қазақстан ұлттық деректер орталығының құрылуы мен жұмысы

ЯСЖТШҰ мен NORSAR Норвегия геофизикалық және сейсмологиялық зерттеулер институтының қолдауымен құрылған Алматыдағы Деректер орталығы ХМЖ-мен және ХДО-мен үздіксіз байланыс жасап жұмыс істейді. Коммуникациялар желісі барлық қазақстандық мониторинг станцияларынан нақты уақыт тәртіптемесінде автоматтандырылған деректер жинауын қамтамасыз ететін 132 байланыс арна қамтиды.

Деректер орталығында әртүрлі жеделдіктегі бюллетендер, әртүрлі бағыттағы (үлгілі оқиғалар, ядролық жарылыстар және т.б.) деректер қорлары шығарылып тұрады. Тұрақты негізде инфрадыбыстық мониторингі деректерінің өңдеуі мен талдауы өткізіледі. 7 халықаралық және ұлттық деректер орталығымен жүйелі түрде деректер алмасу жүзеге асырылады.

2010 жылғы 21 маусымда ашылып, қазіргі таңда Қазақстан ұлттық деректер орталығының негізінде Орталық Азия мамандары үшін ядролық мониторингі деректерін өңдеу жөніндегі өңірлік оқу-жаттығу орталығы жұмыс істейді. Аталған жоба Норвегия Үкіметі мен ЯСЖТШҰ УТК-мен бірге жүзеге асырылды.

3. Жер-жердегі инспекциялар режимі бойынша іс-шараларды қолдау.

Қазақстанның бастамасымен және ЯСЖТШҰ Даярлау комитетінің шешімімен ҚР-да жер-жердегі инспекциялар бойынша 1999, 2002, 2005 және 2008 жж. төрт далалық эксперимент өткізілді

Қазақстан далалық эсксперименттерді өткізу үшін бұрынғы Семей ядролық полигонының (СЯП) аумағын пайдалануға берді. Бұл оқуларды шынайы жағдайларға жақындатылған жағдайларда өткізуге мүмкіндік берді.

Қазақстанда 1999 жылы өткізілген эскперимент ЯСЖТШҰ тарихында бірінші болып, 7 мемлекет өкілдерінің қатысуымен өткенін атап өту қажет.

Қазақстандық мамандарды УТК ұйымдастырған курстарда оқыту.

1992-2014 жж. аралығында 70-ке жуық қазақстандық маман ЯСЖТШҰ УТК желісімен Қазақстанда, Аустрияда, Германияда, Жапонияда, Францияда, Ресейде, Норвегияда, АҚШ-да, Қытайда және басқа елдерде ұйымдастырылған курстардағы тағылымдамалар мен оқытудан өтті.

Ядролық мониторинг деректерін азаматтық мақсаттарда пайдалану.

Ядролық сынақтар мониторингі желісінің құрылуы арқасында Қазақстанның бүкіл аумағындағы сейсмикалық туралы деректерінің елеулі көлемі келіп түсті және қазір да түсе береді. Осы жаңа деректер жаңа нәтижелерге әкеп келді.

Қазақстанның сейсмикалық аудандау картасы мен әртүрлі өңірлерде сейсмикаға төзімді құрылыстың нормаларын түзету қажеттілігі анықталды. Алынатын деректер мұнай өндірілетін Каспий теңізі аймағы қауіпсіздігі мен бұрынғы Семей ядролық полигоны аумағында жарылыстан кейінгі процестердің дамуын бақылауға мүмкіндік береді.

По результатам анализа данных мониторинга были сформированы каталоги промышленных взрывов по казахстанским карьерам. Начаты предварительные консультации со всеми заинтересованными сторонами по возможному строительству в Казахстане станции радионуклеидного мониторинга.

Мониторинг деректерін талдау нәтижесінде қазақстандық карьерлер бойынша өндірістік жарылыстар каталогтары қалыптастырылды. Қазақстанда радионуклеидтік мониторинг станциясын ықтимал құру бойынша барлық мүдделі тараптармен алдын ала консультациялар басталды.

Қосылған : 4.12.2013, 19:49, Өзгертілген : 10.09.2015, 12:04