Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы

Қазіргі кезде орын алып жатқан жағдайларда халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге зор маңыз беріледі. Бұл тек Орталық Азия өңірі үшін ғана емес, барлық дүниежүзілік қоғамдастық үшін өзекті мәселе.

Біздің өңірде ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру мен өзара іс-қимылдың маңызды құралдарының бірі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) болып табылады.

Ұйым 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсізді туралы шарттың негізінде 2002 жылы құрылды. Ұйымның негізгі мақсаттары бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, ұжымдық негізде мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау болып табылады.

ҰҚШҰ мүше мемлекеттері - Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы.

ҰҚШҰ органдары:

-Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі;

-Сыртқы істер министрлері кеңесі;

-Қорғаныс министрлері кеңесі;

-Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының комитеті;

-Тұрақты Кеңес.

ҰҚШҰ-дың тұрақты жұмыс органдары ретінде Хатшылық мен Бірлескен штаб, ал Парламентаралық ынтымақтастыру органы ретінде ҰҚШҰ-дың Парламенттік ассамблеясы болып саналады.

Ұйым қызметінің басты бағыттары әскери және әскери-техникалық (әскери-экономикалық) ынтымақтастық болып табылады.Тараптар халықаралық терроризмге және экстремизмге, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың, қарудың заңсыз айналымына, ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа, жасырын миграцияға және Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне төнген басқа да қатерлерге қарсы күресте өз күш-жігерлерін біріктіреді және үйлестіреді.

Ұйым шеңберінде коалициялық және өңірлік негіздегі топтасуларды, бітімшершілік күштерді, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің, сондай-ақ ТЖМ органдарының арнайы мақсаттағы бөлімшелерін қамтитын ұжымдық қауіпсіздік жүйесі құрылған. Аталған бөлімшелердің әскери дайындығын жетілдіру және дамыту, сондай-ақ әскери реттілік тетіктерін пысықтау мақсатында жоспарлы түрде әртүрлі жаттығулар өткізіледі.

Ұжымдық жедел ден қою күштері Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен құрылып, жүйелі түрде дамуда. Қазіргі кезде ҰЖДК ҰҚШҰ шеңберінде құрылған ең тиімді әскери топтасу болып табылады және 25000 адамнан астам жеке құрамды құрайды. ҰЖДК-ның жұмылдырылуын көтеру мақсатында 2015 жылы Қазақстанның бастамасымен ҰҚШҰ-ның Ұжымдық әуе күштері құрылды.

Есірткінің заңсыз айналымына, заңсыз көш-қонға және ақпараттық саладағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша әртүрлі жедел-профилактикалық операциялар тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Бұл «Канал», «Нелегал» және «ПРОКСИ» операциялары.

Өткізілетін іс-шаралар мен жасалған тетіктердің кешені Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мен жалпы өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге едәуір үлесін қосуға мүмкіндік береді.

Қазақстан өз әскери қызметшілерін Ресей мен Беларусьтің әскери ЖОО-да ақысыз және жеңілдікті негізде оқытады. Ал, Қазақстан, өз кезегінде Армения, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген әріптестеріне осындай мүмкіндіктерді береді.

Бұдан өзге, ҰҚШҰ-ның құжаттары қару-жарақтарды, әскери және арнайын техникаларды жеңілдікті бағалармен сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл біздің Әскери Күштерімізді, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерді қазіргі заман үлгісіндегі қару-жарақтар мен техникамен қаржылай қаражаттарды үнемдеп қайта қаруландыруға жол береді.

2017 жылғы 30 қарашада Минск қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында ҰҚШҰ-дағы төрағалық Қазақстан Республикасына өтті. Осыған байланысты, Елбасы Н.Ә.Назарбаев ҰҚШҰ ҰҚК-да келесі сессияаралық кезендегі Қазақстан төрағалының басымдықтарың ұсынды.

Оның ішінде, ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің әскери саласында өзара әрекеттестік құралдарың кенейтуі, практикалық әскери-техникалық ынтымақтастықты ұйымдастыруы, терроризмге қарсы жаһандық халықаралық жүйеге ҰҚШҰ-ның қатысуы, киберкауіпсіздіктің қатерлеріне бірлескен шараларды қабылдау және есірткі заттардың зансыз айналымына қарсы шаралардың тиімділігің арттыруы.

Жалпы, ҰҚШҰ шеңберіндегі Қазақстанның қатысуы халықаралық құқықты қатаң сақтау негізінде мемлекет пен өңірде тұрақтылықты қамтамасыз етеуге жағдай жасауға, жаңа қауіп-қатерлерге қарсы күресуге негізделеді.


Қосылған : 4.12.2013, 19:46, Өзгертілген : 2.02.2018, 10:55