Қазақстан делегациясының "Қазақстанда жасалған" екінші cауда-өнеркәсіптік көрмесіне дайындық мәселелері бойынша Орынборға сапары туралы

ОРЕНБУРГ, 2019 жылғы 14-16 мамыр - «Қазақстанда жасалған» екінші cауда-өнеркәсіптік көрмесіне дайындық мәселелері бойынша Қазақстан делегациясының Орынборға сапары өтті. Оны ү.ж. жылдың қазан айында «Оренбуржье – сердце Евразии» атты халықаралық форумы аясында ұйымдастыру жоспарланған.

Делегация құрамына Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің, Ақтөбе облысының әкімдігінің, Астраханьдағы Қазақстан консулдығының, Ресей Федерациясындағы еліміздің Сауда өкілдігінің және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының (ССП) өкілдері кірді.

Сапар барысында Орынбор облысының вице-губернаторының міндетін атқарушы - Орынбор облысы Үкіметінің әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары Павел Самсоновпен кездесу өтті.

Ресей аймағының басшылығының өкілі Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты ынтымақтастықты жоғары бағалап, аймақаралық және трансшекаралық ынтымақтастықтың рөлін оң атап өтті, соның ішінде, Орынбор облысының Қазақстанның батыс аймақтарымен экспорттық, инвестициялық және білім беру салаларында тығыз ынтымақтастығына назар аударды. Өңірлік билік қазақстандық тарапқа көрмені табысты өткізуге толық қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Қазақстан делегациясы Орынбор облысының басшылығына қазақстандық тараптың бастамасын қолдағаны үшін алғысын білдіріп, қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастар «мемлекетаралық қарым-қатынастардың эталоны» екенін атап өтті. Бұған барлық деңгейдегі тұрақты кездесулер, екі елдің өзара саудасының өсу қарқыны (2018 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 17,6 млрд. АҚШ долларын құрады) және т.б. мысал бола алады.

Орынбор облысының Сауда-өнеркәсіптік палатасы одағының президенті Олег Авдеевпен жеке кездесу өткізілді. Тараптар бағдарламаның алдын-ала жобасын, форматын, қатысушыларының құрамы мен іс-шараның ұйымдастырушылық мәселелерін талқылады.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар көрменің ұйымдастырушыларын анықтап, Қазақстанның ССП мен Орынбор облысының сауда-өнеркәсіп палатасы арасында өзара ынтымақтастық туралы құжатқа қол қоюға келісті.

Қосылған : 18.05.2019, 09:50, Өзгертілген : 18.05.2019, 12:50