Брюссельде Қазақстанда өтетін президенттік сайлау мәселелері талқыланды

Брюссель, 2019 жылғы 14 мамыр – Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Айгүл Құспанның ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша баспасөз брифингі Брюссельдік Баспасөз-клубында өтті.

Брифинг барысында А. Құспан шетелдік және қазақстандық журналистерге, сондай-ақ дипломатиялық корпус пен Еуроодақ институттарының өкілдеріне кезектен тыс президенттік сайлаудың тарихын айтып беріп, сондай-ақ сайлауға дайындық барысы, Қазақстанның сайлау заңнамасы және жоғары мемлекеттік лауазымға кандидаттар туралы өзекті ақпаратты ұсынды.

"Қазақстан барлық халықаралық міндеттемелерді толығымен қолдайды және өзінің ұлттық мүдделері мен басымдықтарына сәйкес теңдестірілген, көпвекторлы және прагматикалық сыртқы және экономикалық саясатты жүргізуді жалғастырады", - деді А. Құспан.

Еуропалық БАҚ өкілдері Қазақстандағы президенттік сайлауға үлкен қызығушылық танытып, сайлаушылар саны, Қазақстандағы сайлау жасы, Президенттікке кандидаттардың сайлау алдындағы науқаны туралы және басқа да бірқатар сұрақтар қойды.

А. Құспан осы жылғы 9 маусымда сағат 7.00-де өз жұмысын бастайтын Қазақстанның Брюссельдегі Елшілігінің аумағында орналасатын сайлауы учаскесі туралы айтып, Қазақстандағы президенттік сайлауды жария етуге ниет білдірген шетелдік журналистер үшін БАҚ-ты аккредиттеу процесі басталғаны туралы хабарлады.

Қосылған : 15.05.2019, 11:55, Өзгертілген : 15.05.2019, 11:55