Көпжақты экономикалық ынтымақтастық

Халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық

Азия даму банкі

Азия даму банкі (АДБ) 1966 жылғы желтоқсанда БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты жөніндегі Экономикалық және әлеуметтік комиссия шешімімен құрылған. Өзінің операциялық жұмысын 1968 жылы бастаған. Қазіргі таңда 67 мемлекеттен тұратын АДБ мүшелерінің 48-і Азия-Тынық мұхит (АТМ) өңірінен, ал 19-ы әлемнің басқа бөліктерінен болып табылады.

Басқарма кеңесі Банктің жоғары органы болып табылады. Банк операцияларына Директорлар кеңесі жауап береді.

Қазақстан 1994 жылы АДБ-нің мүшесі болды. АДБ-нің Қазақстандағы Тұрақты Өкілдігі 1998 жылы ашылған және өз қызметінде үкімет, жеке сектор және қоғамдық ұйымдар мен АДБ арасындағы негізгі байланыстырушы буын болып табылады. АДБ-нің Өкілдігі саяси диалогқа қатысып, Қазақстандағы даму мәселелері жөніндегі ақпарат көзі болып табылады. Қазақстан өңір елдері арасындағы акциялар үлесі бойынша 14-шы орынды және барлық мүше-мемлекеттердің арасында 21-ші орынды иеленеді.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 1948 жылы құрылған (Маршалл жоспарын үйлестіру). Штаб-пәтері Парижде (Франция) орналасқан. 2006 жылдан қазіргі уақытқа дейін Бас хатшысы - Хосе Анхель Гурриа Тревиньо (шығу тегі - Мексика).

ЭЫДҰ мақсаттары - мүше елдердің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етуге және өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған үйлестірілген саясатты жүргізу болып табылады. ЭЫДҰ-ның құрамына 35 ел және Еуропалық комиссия жеке қатысушы ретінде кіреді. ЭЫДҰ-ның елдері әлемдік ЖІӨ-нің 60%-ын құрайды.

Негізгі басқарушы орган-ЭЫДҰ Кеңесі (елшілер мен министрлер деңгейінде). 10 директораттан (қаржы, экономика, ғылым және техника, ауыл шаруашылығы, білім беру, қоршаған орта салаларында), 250-ге жуық комитеттен, жұмыс және сарапшылық топтардан тұрады.

ЭЫДҰ комитеттерінде үш сатылы мүшелілік қарастырылған: шақырылған, қатысушы және қауымдасқан мүше мәртебелері.

Қазіргі уақытта Қазақстан Ұйымның 34 жұмыс органында қатысады.

21 комитетте және жұмыс органында «шақырылған» мәртебесіне ие:

- Реттеуші саясат жөніндегі комитет – ҚР ҰЭМ

- Мемлекеттік басқару комитеті – ҚР ҰЭМ

- Өңірлік даму саясаты жөніндегі комитет – ҚР ҰЭМ

- Корпоративтік басқару комитеті – ҚР ҰЭМ

- Фискалды саясат жөніндегі комитет – ҚР Қаржы министрлігі

- Болат жөніндегі комитет – ҚР ИДМ

- Қоршаған ортаны қорғау комитеті – ҚР Энергетика министрлігі

- Цифрлық экономика жөніндегі комитет – ҚР ИДМ

- Денсаулық сақтау мәселесі жөніндегі комитет – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

- Өңірлік экономика мен жұмыспен қамтуды дамыту жөніндегі кооперативтік іс-қимыл жоспары – ҚР ҰЭМ

- Дамуға жәрдемдесу комитеті – ҚР СІМ

- Балық шаруашылығы жөніндегі комитет – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

- Ауыл шаруашылығы жөніндегі комитет – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

- Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

- Сақтандыру және жекеменшік зейнетақы комитеті – ҚР ИДМ

- Сауда комитеті – ҚР ҰЭМ, ҰКП

- Химиялық заттар жөніндегі комитет – ҚР ИДМ

- Қаржы статистикасы жөніндегі жұмыс тобы – ҚР Қаржы министрлігі

- Халықаралық бизнес операцияларындағы парақорлық жөніндегі жұмыс тобы – ҚР ИДМ

- Биотехнология жөніндегі жұмыс тобы - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

- Оқу зерттеулері және инновациялар орталықтарын басқарушы кеңес – ҚР Білім және ғылым министрлігі

8 комитет пен жұмыс органдарында «қатысушы» мәртебесіне ие:

- Индустрия, инновациялар және кәсіпкерлік жөніндегі комитет (ИИКК) – ҚР ИДМ (ақпан, 2013 ж.)

- Статистика жөніндегі комитет – ҚР ҰЭМ (шілде, 2016 ж.)

- Бәсекелестік жөніндегі комитет – ҚР ҰЭМ (шілде, 2016 ж.)

- Ғылым және технологиялық саясат жөніндегі комитет – ҚР Білім және ғылым министрлігі (шілде, 2017 ж.)

- Білім саласындағы саясат жөнндегі комитет – ҚР Білім және ғылым министрлігі (қараша, 2017 ж.)

- Мемлекеттік меншік және жекешелендіру жөніндегі жұмыс тобы – ҚР ҰЭМ (қыркүйек, 2016 ж.)

- Салық саясаты және әкімшілік орталығы – ҚР ҰЭМ

- ЭЫДҰ-ның салықтық базаның бұзылуына және кірістерді жоюға қарсы әрекет жөніндегі жобасы (BEPS)

1 комитетте «қауымдастырылған мүшелік» мәртебесіне ие

- Инвестициялар жөніндегі комитет - ҚР ИДМ

4 жұмыс органдарында «әріптес» (қатысушы) мәртебесі

  • -Даму орталығы
  • -Жемқорлыққа қарсы жүйе
  • -Халықаралық көлік форумы
  • -Салық мақсатындағы айқындылық пен ақпарат алмасу жөніндегі Жаһандық Форум

ҚР-дың ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының негізгі мақсаттары ретінде ҚР-дың экономикалық өсуін ЭЫДҰ-ның сарапшылық әлеуетіне сүйене отырып қамтамасыз ету, ЭЫДҰ-ның Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік жобасын іске асыру арқылы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен мемлекетіміздің ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына жақындауы және болашақта әлемнің дамыған 30 ел қатарына кіру белгіленген.

2017 ж. 23-25 қазанда Алматы қаласында ЭЫДҰ-ның Еуразия апталығы өтті. Бұл іс-шара Ұйым тарихында Еуразия аймағында алғаш рет өткізіліп отыр.

ЭЫДҰ-ның Еуразия апталығы - Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының негізгі форумы болып табылады және оның мақсаты Орталық Азия мен ЭЫДҰ елдерінің жоғары саяси қайраткерлерін, сарапшылар мен халықаралық және аймақтық ұйымдардың, азаматтық қоғам мен іскерлік орта өкілдерін біріктіруге бағытталған.

ҚР СІМ ЭЫДҰ Еуразиялық апталығына қатысу үшін ЭЫДҰ Бас хатшысы А.Гуррияның Қазақстан Республикасына алғашқы сапарын қамтамасыз ету бойынша қажетті жәрдем көрсетті және оның барысында ҚР-дың Премьер-Министрі Б.Сағынтаевпен, Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдықалықовамен, ҚР Парламентінің Сенат Төрағасы Қ.Тоқаевпен екіжақты кездесулер өткізіп, «Nazarbayev University» жоғарғы оқу орнында дәріс оқыды.

Дүниежүзілік банк

1994 жылы АҚШ-та өткен Бреттон-Вуд конференциясының қорытындысы бойынша құрылған екі ірі қаржы ұйымдарының бірі Халықаралық валюта қорымен қатар Дүниежүзілік банк болып табылады.

Дүниежүзілік банк дамушы елдерге қаржылай және техникалық көмек көрсету мақсатында құрылған. Дүниежүзілік банктің қызмет саласы өте кең – азық-түлікпен қамтамасыз етуден, жерқорлықпен күрес, көші-қон проблемаларын шешу, көлік, сауда және т.б. мәселелеріне дейін қамтиды.

Дүниежүзілік Банк топтары құрамына бес ұйым кіреді: Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (ХҚҚДБ), Халықаралық Даму Ассоциациясы (ХДА), Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК), Инвестициялық кепілдіктер жөніндегі көпжақты агенттік (ИККА) және Инвестициялық даударды реттеу жөніндегі халықаралық орталық (ИДРХО).

Қазіргі уақытта 187 мемлекет Дүниежүзілік банктің қатысушылары болып табылады. Қазақстан Дүниежүзілік банк Тобына 1992 жылы қосылды.

Халықаралық Валюта Қоры

Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) БҰҰ-ның арнайы мәртебесін алған үкіметаралық қаржы-кепілдік ұйым болып табылады. ХВҚ 1944 ж. Бреттен-Вуд конференциясының шешімімен құрылған. Қор практикалық қызметін 1947 жылғы 1 наурызда бастады. Штаб-пәтері Вашингтон қаласында (АҚШ) орналасқан. Қазіргі таңда 186 мемлекет ХВҚ-ның мүшесі болып табылады. Директор-үйлестіруші – Кристин Лагард.

Әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығын қолдау, валюта бағамдарының тұрақтылығына жәрдемдесу мен төлем баланстарының тепе-теңдігін, сондай-ақ валюта-қаржы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету ХВҚ-ның негізгі мақсаттары болып табылады.

Қазақстан Халықаралық валюта қорына 1992 жылғы 15 шілдеде кірген, ал 1992 жылғы 15 тамызда Қазақстандағы ХВҚ өкілдігі ашылды. Қазақстан Республикасына Қорда өзге мүше-мемлекеттермен бірге тең құқықтар және оған басқа ХВҚ мүшелеріне қойылған жауапкершілік жүктелген. ХВҚ-мен ынтымақтастық қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленетін тұрақты сарапшылардың кездесулері мен консультацияларын өткізуден тұрады. Бұдан өзге, экономикалық дамудың аса өзекті мәселелерді талдау кіретін ХВҚ-ның есебі, Өңірлік экономикалық шолу таныстырылымы мерзімді түрде өткізіліп тұрады (Regional Economic Outlook). Қазақстан Дүниежүзілік банк пен ХВҚ басқаратын 24-ші «Швейцариялық» тең тобына кіреді.

2016 жылғы 23-24 мамырда Астана қ. ХВҚ Директор-үйлестіруші К.Лагардтың төрағалығымен ХВҚ Өңірлік конференциясы өтті, бұл өз ретінде Қазақстанның Орталық Азиядағы үздік рөлін растау болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы

Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) – Еуропалық Кеңес елдерін, АҚШ, Жапония, сондай-ақ Еуропалық инвестициялық банкті қоса алғанда 60 мемлекет-акционерлері мүше болып табылатын халықаралық қаржы ұйымы.

1991 жылғы сәуірде Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде, сондай-ақ, бұрынғы КСРО мемлекеттеріне нарыққа және жеке кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға бағытталған ашық экономикаға көшуге жәрдем көрсету мақсатында құрылған. Бұл елдермен ынтымақтастық орнату талабы ретінде көп партиялы демократия және плюрализм қағидаларын ұстану бекітілген. ЕҚҚДБ-да 1000-ға жуық қызметкерлер жұмыс жасайды. Штаб-пәтері Лондонда орналасқан.

Қызмет басымдықтарына отандық және шетелдік инвестицияларға жәрдем көрсету, қаржы секторын қолдау, КШБ пен мемлекет кепілдігіндегі қарыздарды және мемлекет кепілдігіне жатпайтын қарыздарды, үкіметтік қарыздарды ұсыну арқылы мемлекеттік инфрақұрылым объектілерін дамытуды қамтиды. ЕҚҚДБ сондай-ақ табиғи ресурстар, байланыс және агроөнеркәсіп кешені сияқты салаларда белсенді жұмыс атқарады. ЕҚҚДБ Қазақстанда 22 жылдан астам уақыттан бері инвестицияларын құюда. Қазақстанның барлық облыстарының тұрғындарына инвестициялардың қол жетімділігі үшін аймақтарды дамытуға жәрдемдесу еліміздегі ЕҚҚДБ басымдықтарының бірі болып табылады. Қазақстандағы қызметі кезінде ЕҚҚДБ Қазақстандағы 180 түрлі жобаға 6,9 млрд. АҚШ долл. сомасында инвестициялар құйды.

Ынтымақтастық жылдарының ішінде ЕҚҚДБ инвестицияларының көлемі 7,4 млрд. еуродан асты. Оның іс жүзіндегі портфелі инфрақұрылым мен көлік саласында 42 %-ды құрайды.

ҚР-дың транзиттік-көлік әлеуетін дамыту

2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясында Үкіметке 2020 жылға қарай жыл сайын транзиттік тасымал көлемін, оның ішінде контейнерлі жүктерді, жолаушыларды әуе жолдары арқылы тасымалдауды ұлғайту, сондай-ақ транзиттік тасымалдардан табысты көбейту тапсырылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Үкіметке интеллектуалды көлік жүйесін құру арқылы көлік және логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруды, онлайн режимде жүк қозғалысын қадағалау үшін және олардың кедергісіз транзиті мен кедендік операцияларын жеңілдету үшін цифрлық технологияларды кеңінен енгізуді тапсырды.

Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында СІМ ҚР-дың транзиттік көлік әлеуетін ілгерілету бойынша мақсатты жұмыс жүргізеді.

Халықаралық дәліздерді дамыту

Транскаспийлік халықаралық көлік маршруты (TХКM) бойынша Каспий теңізі арқылы «Шығыс-Батыс» бағытындағы тиімді және қысқа бағытты жолды қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. TХКM-ды дамыту мақсатында Грузия, Әзірбайжан, Түркия, Украина және Қытайдың қатысуымен Үйлестіру комитеті құрылды.

Сондай-ақ, қосымша транзиттік жүк ағымын тарту үшін келесі халықаралық келісімдерге қосылу жұмыстары жүргізілуде:

- ТРАСЕКА мультимодальды көлік тасымалдарды дамыту туралы келісім. Келісімге Қазақстанның қосылуы жөнінде барлық тараптар оң көзқарастарын білдіруде. Қазіргі уақытта қосылу жөніндегі мемлекетішілік келісімді бекіту рәсімі басталды;

- «Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізі». Атап айтқанда, Қарақорым тас жолын бірлесіп пайдалану туралы ҚР, ҚХР, Қырғызстан және Пәкістан арасындағы 1995 жылғы Келісімді іске қосу есебінен «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік артериясын Қарақорым тас жолына қосу арқылы;

- Халықаралық магистральдық теміржол желiлерi туралы Еуропалық келiсiм және маңызды халықаралық бiрiккен көлiк желiлерi мен тиiстi қондырғылар туралы Еуропалық келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;

- Иран, Оман, Түрікменстан және Өзбекстан Үкіметтері арасында (Ашхабад келісімі) халықаралық көлік және транзиттік дәліз құру туралы келісім.

«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көліктік-логистикалық секторында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда, олардың негізгі бөлігі автомобиль жолдарын салу мен қайта құруға бағытталған.

Серпінді автокөлік жобаларының бірі - Еуропаға дейінгі ең қысқа авто жол бағыты болатын жүк тасымалдау мерзімі 10-12 күнді құрайтын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін құру болып табылады.

Сондай-ақ еліміздің шығысында Қытаймен шекаралас аймақта «Хоргос - Шығыс қақпасы» АЭА базасында «құрғақ порттың» және инфрақұрылымның құрылысы аяқталды.

Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін одан әрі арттыруға, сондай-ақ тауарларды жеткізу бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік беретін «Нұрлы жол» ЖЭС және «Бір белдеу – бір жол (Belt and Road Initiative - BRI)» қытай бастамасының бағдарламасын байланыстыруда белсенді жұмыс жүргізілуде.

Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін ілгерілету және одан әрі қарай дамыту, Қазақстан Республикасының тауарларын әлемдік нарыққа Қытай аумағы арқылы шығару мақсатында ҚР ИДМ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, 2017 жылғы 25 сәуірде Токио қ. (Жапония), 2017 жылғы 28 сәуір-24 қарашада Бейжің қ. (ҚХР) Қазақстан Республикасының транзиттік-көлік әлеуетін ілгерілеу бойынша семинарлар мен таныстырылымдар ұйымдастырылды.

Авиация саласында

2017 жылдың басынан Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жәрдем көрсетуімен «Air Astana» әуе компаниясымен «Астана–Дели», «LOT Polish Airlines» поляк әуе компаниясымен «Астана-Варшава», «Wizz Air» мажар әуе компаниясымен «Астана–Будапешт», «Air China» қытай әуе компаниясымен «Астана–Бейжің», «SCAT» әуе компаниясымен «Астана–Ереван», «Air Astana» әуе компаниясымен «Астана–Киев», «SCAT» әуе компаниясымен «Астана–Минеральные воды» қазақстандық және шетелдік әуе компанияларының 7 жаңа тұрақты халықаралық әуе қатынастары ашылды.

2017 жылдың маусымынан бастап «Air Astana» әуе компаниясы «Астана-Лондон», «Астана-Бейжің», «Астана-Стамбул» және «Астана-Сеул» бағыттарында аптасына 20 рейске дейін ұшу жиілігін арттырды.

ҚР мемлекеттік органдарымен бірлесіп «Астана-Токио» (2018 ж.), «Астана-Сингапур» (2018 ж.), «Астана-Шанхай» (2020 ж.) және «Астана- Нью-Йорк» (2020 ж.) бағытында тікелей рейстерді ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Халықаралық энергетикалық қауіпсіздік және Энергетикалық хартияның процесіне қатысу

Қазақстан энергетикалық қауіпсіздікті халықаралық тұрақтылықтың негізгі факторларының бірі ретінде қарастырады. Келешекте рөлі арта түсетін энергетикалық ресурстардың қарқынды дамып келе жатқан экспорттаушылардың бірі ретінде, Қазақстан өзін энергияның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әлемдік қоғамның белсенді қатысушысы ретінде жариялады.

ҚР энергетикалық стратегиясының негізі экономикалық мақсатқа сәйкестік принципі мен энергетиканың қоршаған ортаға техногендік әсерін төмендету болып табылады. ҚР әлем нарығына көмірсутекті тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы жауапкершілігін толықтай сезінеді және оны қамтамасыз ету мақсатында энергия тасымалдаушы экспорттық бағдарларын дамыту бойынша көпбағытты саясат жүргізеді. Өңірлік деңгейде ШЫҰ шеңберінде әлемнің ірі өндірушілері мен жетекші көмірсутек импорттаушыларын біріктіретін энергетикалық нарық жасау жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

ҚР көмірсутек шикізаттарын экспорттау бағдарларының тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша халықаралық қоғамдастық күштерінің нығаюын қолдайды.

2014 жылғы 26-27 қарашада Астанада Қазақстан Республикасының төрағалығымен Энергетикалық Хартия бойынша Конференцияның 25-ші сессиясы өтті. Қазақстан Конференция аясында төрағалық еткен ұйымның тарихындағы алғашқы мемлекет болды. Отырыс қорытындысы бойынша «Энергетикалық Хартия процесінің Астана Декларациясы. Жаһандық энергетикалық архитектура үшін жалпы ережелері» қабылданды.

2015 жылғы 3-4 желтоқсанда Тбилиси қаласында Грузия төрағалығымен және Энергетикалық Хартия бойынша Конференция Төрағасы, Грузия Вице-премьері, Энергетика министрі Каха Каладзеның шақыруымен Энергетикалық Хартия бойыншша Конференцияның 26-шы сессиясы өтті.

2016 жылғы 25-26 қарашада Токиода (Жапония) Энергетикалық Хартия бойынша Конференциясының 27-ші сессиясы өтті.

2017 жылы Түрікменстан Энергетикалық Хартия бойынша Конференцияға төраға ретінде кірісті. 2017 жылғы 28-29 қарашада Ашхабад қ. Түрікменстанның төрағалық етуімен және Түрқменстан Үкіметінің шақыруымен Энергетикалық Хартия бойынша Конференцияның 28-ші сессиясы өтті.

Астана экономикалық форумы

2017 ж. 15-16 маусымда «Жаңа энергия – жаңа экономика» X Астана экономикалық форумында 83 әлем елдерінен 4 мыңнан астам қатысушылар, оның ішінде 835 шетелдіктер қатысты. Бірлескен мәлімдемелер, меморандумдар мен келісімдерді қоса алғанда 23 қорытынды құжат қабылданып, қол қойылды. Форум аясында 40 іс-шара өткізілді.

2018 ж. 17-18 мамырда Астана қ. ХІ Астана экономикалық форумын (АЭФ) өткізу жоспарланған. АЭФ 2018 негізгі тақырыбы – «Жаңа Еуразия: Шанхайдан Лондонға дейін сауда мен инвестицияларды ұлғайту».

АЭФ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың белсенді қолдау көрсетуімен және тікелей қатысуымен өткізіледі. Форум миссиясы - әлемдік экономика дамуындағы күнделікті сұрақтарға жауаптар іздеу, экономикалық өсудің нығаюына жәрдемдесу, өзекті проблемалар мен мүмкіндіктерді талдау болып табылады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы

2015 жылғы 7 желтоқсанда АХҚО қызметінің құқықтық негіздерін айқындайтын «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» ҚР Конституциялық Заңы қабылданды (бұдан әрі - Заң).

Заңды іске асыру мақсатында ҚР Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №160 және №161 Жарлықтарымен АХҚО-ны басқару жөніндегі Кеңесі, құрамы, сондай-ақ оның шекарасы туралы ереже бекітілді.

Болашақта АХҚО Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі инфрақұрылымы базасында орналасатын болады.

АХҚО-ның шешуші даму бағыттары ретінде:

1) капитал нарығы;

2) активтерді басқару жөніндегі нарығы мен оның сараптамасы;

3) жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару;

4) исламдық қаржыландыру;

5) баламалы қаржыландыру (тікелей инвестициялар қоры, хедж қорлар, венчурлық капитал) белгіленді.

АХҚО-ның іскерлік және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін:

1. 50 жылға дейінгі мерзімде салық жеңілдіктері (КТС, ЖТС, жер және мүлік салығы бойынша нөлдік мөлшерлемелері);

2. оңайлатылған валюталық, визалық және еңбек режимдері;

3. әлемдегі жетекші қаржы орталықтарына ұқсас Жалпы құқық қағидаттарына негізделіп оқшауланған құқық жүйесі;

4. АХҚО-ның барлық қызметтерінде ағылшын тілі ресми тіл ретінде (қоғамдық қатынастар, сот өндірісі, мәселелер және т.б.).

5. Астананы әлемнің негізгі қаржы орталықтарымен тікелей әуе қатынастары арқылы бірлестіру белгіленген.

Жалпы, АХҚО шетелдік әріптестерге өз активтерін орналастыру мүмкіндігіне қатысты және оларды посткеңестік кеңістіктегі перспективалық жобаларға салу жағынан тартымды болуы мүмкін.

АХҚО-ның қызметі шешімдер қабылдау кезінде АХҚО-ның алаңындағы бөлек және тәуелсіз болады. Бұл тұрғыда, АХҚО негізінде шетелдік инвесторлар үшін басты артықшылықтар ретінде:

  • 1.шетелдік инвестициялар үшін бұрынғы КСРО аумағында ең қорғалған және сенімді орын;
  • 2.АХҚО-да посткеңестік кеңістігі елдерінің (Ресей, Орталық Азия, Кавказ) аса табысты компанияларының акцияларын орналастыру;
  • 3.даулар сот арқылы қарауы (азаматтық-құқықтың, азаматтық іс жүргізу және қаржылық қарым-қатынастар, сондай-ақ әкімшілік рәсімдер) тек қана ҚР сот жүйесіне кірмейтін АХҚО-ның Тәуелсіз соты арқылы жүзеге асырады. Тараптар арасында төрелік келісім орын алған жағдайда, мұндай дау Халықаралық төрелік орталығымен қарастырылатын белгіленді:

АХҚО Хатшылығының алдын ала ақпаратына сәйкес 2018 жылғы 3-5 шілдеде Орталықтың ресми таныстырылымы болатын «Astana Financial Week» өткізу жоспарлануда.

Қосылған : 26.04.2018, 09:45, Өзгертілген : 26.04.2018, 11:30