Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік бастамалары Исламабад қаласында талқыланды


ИСЛАМАБАД, 2018 жылғы 31 тамыз - Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі Пәкістанның Халықаралық стратегиялық зерттеулер орталығымен бірлесе Исламабад қаласында «Қазақстан Президентінің бейбітшілік бастамалары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға Пәкістан Сыртқы істер министрлігі БҰҰ департаментнің Бас директоры Халид-ур-Рахман Хашми, жетекші ғылыми орталықтарының сарапшылары, зерттеулер институттарының тыңдаушылары қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында Елші Барлыбай Садықов іс-шараға қатысушыларды ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу, сенім шараларын күшейту мен аймақтық шиеленістерді шешуге бағытталған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бейбітшілік бастамаларымен таныстырды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының 29 тамыз күнін Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күні ретінде жариялау туралы бастамасының БҰҰ Бас Ассамблеясымен қолдау табуы, Ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі жалпы декларация бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясымен қарардың қабылдануы, Атом жобасы, Төмен байытылған уран банкі, «Әлем. XXI ғасыр» манифесті туралы, 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстанның өз өкілеттігін бастауы бойынша ағымдағы жылғы 18 қаңтарда Нью-Йорк қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жасалған саяси мәлімдемесі бойынша, сондай-ақ «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» тақырыптық брифингінің қорытындысы бойынша толық ақпарат берілді.

Сонымен бірге қатысушылар сенім шараларын нығайтуға бағытталған, сондай-ақ өңірлік қақтығыстарды реттеуді көздейтін, Президент Н. Назарбаевтың бітімгершілік бастамаларымен таныстырылды, оның ішінде АӨСШК, Астана процесі, Иранның ядролық бағдарламаларын реттеу бағдарламасы шеңберіндегі Қазақстан Республикасының үлесімен және т.б. бастамалармен таныстырылды.

Жоғарыда аталған Елбасының бастамаларына қатысты Елшімен жасалған баяндама іс-шараға қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық туғызды. Сарапшылар Президент Н.Назарбаевтың ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және Астананың бітімгершілік жөніндегі саясаты мен бастамаларына жоғары баға берді.

Халид-Ур Рахман Хашми Қазақстанның бейбітшлік және бітімгерлік бастамаларына, оның ішінде ядролық қарусыздану мен оны таратпау үдерістеріне, жанжалдасушы тараптарды татуластыру мен бір келісімге келтіру жөніндегі үдерістеріне белсенді қатысуына жоғары баға берді.

Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы және Семей сынақ алаңын жабу бойынша Президент Н.Назарбаевтың бастамасына оң баға бере отырып, Х. Хашми Қазақстанда Төмен байытылған уран банкінің уақытында ашылғанын және онда МАГАТЭ ұйымының жеке қадағалауымен байытылмаған уран өнімдерінің сақталатынын өзекті екенін ерекше атап өтті.

Сонымен бірге пәкістандық дипломат Азия елдері арасында өзара сенімді арттырудағы АӨСШК маңыздылығын ерекше атай отырып, аймақтағы тұрақсыздық пен заманауи қауіптерге қарамастан, АӨСШК ұйымының Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы үстемділігі мен маңыздылығы одан әрі артатынына кәміл сенетінін жеткізді.

Сондай-ақ, Х.Хашми тек Қазақстанның бастамасымен қазіргі таңда БҰҰ мен дүниежүзінде 29 тамыз Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күні болып аталатынын және ядролық апаттардың салдарлары кері әсерін тигізетінін әлемдік қоғам мойындайтынын жеткізді.

Халықаралық зерттеулер институты орталығының директоры (Исламабад) Али Сарвар Накви өз баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жаһандық бастамаларына жоғары баға бере отырып, ядролық қарусыздану және қаруды таратпау мәселелері бойынша өзінің көзқарасын білдірді.

Атап айтқанда, А.Накви Пәкістан ядролық қарусыздану бастамасын толық қолдайтынын, алайда бұл бастамаға қол жеткізуде бірқатар кедергілердің салдарынан оған қол жеткізу қиындықтар туғызуда екенін жеткізді.

Қосылған : 31.08.2018, 18:00, Өзгертілген : 31.08.2018, 18:05