Румыния СІМ-і Еуропалық Одақ - Орталық Азияға қатысты «Нық серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер» Бірлескен мәлімдемесін қошеметтейді

Румыния Сыртқы істер министрлігі Еуропалық Комиссия және Сыртқы істер мен қауіпсіздік саясаты жөніндегі Еуропалық Одақтың Жоғарғы Өкілінің ЕО - Орталық Азияға қатысты, 2019 жылы 15 мамырда қабылдаған «Нық серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер» Бірлескен мәлімдемесін қошеметтейді.

Құжат екіжақты сұхбатты және өңірлік ынтымақтастықты күшейту мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бағытталған, Қазақстан Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен серіктестікті нығайтуға қатысты Еуропалық Одақтың жаңа көзқарасының негізін қалайды. Аталған бірлескен мәлімдемедегі көзқарас реформалар үрдісінің, тұрақты байланыстың және дамудың іргетасы ретінде Орталық Азиядағы жоғары деңгейдегі тұрақтылыққа және гүлденуге қол жеткізу қажеттілігіне сәйкес келеді.

Румыния жаңа дәуірдегі екіжақты келісімдерін қабылдау, сондай-ақ Орталық Азиядағы белсенді рөлді қамтамасыз ететін бірлескен өңірлік саясат пен шешімдерді ілгерілету арқылы Еуропалық Одақ пен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге өзгеріссіз қолдау көрсетеді.

Еуропалық Одақ Кеңесінің төраға мемлекеті ретінде Румыния ЕО мен 5 Орталық Азия серіктес мемлекеттерімен қарым-қатынастардың дамуына ерекше назар аударды. 2019 ж. 15 сәуірде Бухарест қаласында Сыртқы істер министрлігі Еуропалық сыртқы байланыстар қызметімен бірге ЕО жаңа Стратегиясына және ЕО Стратегиясы шеңберіндегі Еуропа мен Азияны байланыстырудағы Орталық Азияның маңыздылығына арналған «Тұрақты даму үшін байланыс» атаулы Орталық Азия бойынша Жоғары деңгейдегі Конференция ұйымдастырды.

Сілтеме: https://www.mae.ro/node/48977

Қосылған : 21.05.2019, 23:15, Өзгертілген : 21.05.2019, 23:15