Қазақстанда жыл сайын шілде айының төртінші жексенбі күні Сауда қызметкерлерінің күні аталып өтіледі

Тарихшылардың айтуынша, сауданың алғашқы көріністері біздің заманымызға дейін үш жарым мыңжылдығында Месопотамияда тіркелген. Содан бері халықтың осы саладағы тіршілік әрекеті үзбестен дамыған. Қазіргі уақытта әлемдік сауда айналымның жалпы көлемін 70% құрайтын трансұлттық корпорациялардың транзакциялармен бұрынғы қарапайым шумерлер саудагерлердің сауда көлемімен салыстыруға болмайды.  

Сауда саласы өзінің алғашқы келісімдер мен қатынастардан бастап адамдардың басқа тіршілік іс-әрекеттерден өз басымдығын көрсетті. Өз кезегінде Имануил Канттың түсіндірмелерінің бірінде, сауданың рухы ерте ме, кеш пе, соғыспен үйлеспейтін әрбір халықты басып алатынын айтқан болатын, сондай-ақ бар болған мемлекеттік билікке бағынатын барлық күштер - ақшаның күші ең сенімді, сондықтан мемлекеттер асыл дүниені алға жылжытуға мәжбүр болады деп тұжырымдаған.

Ұлы Жібек жолының бірнеше бағыттары қазіргі Қазақстанның аумағында өтеді. Сондықтан бұл елімізде орналасқан қалалардың дамуына, экономиканың өркендеуіне және халықтың әл-ауқатын артуына ықпал еткені сөзсіз. Аталған пікірді Бенджамин Франклин «сауда бірде бір халықты қайыршылыққа ұшыратқан жоқ» деген сөзіде растайды. 

Қазақстанның жаңа тарихында сауда-саттық саласы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы табыла отырып, оның институциализациясы өтті - Қазақ КСР Сауда Министрлігі құрылды («Қазақинторг» Республикалық Қауымдастығының сыртқы сауда құрамы). 

90-жылдары Қазақ КСР-нің сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі құрылды. 1993 жылғы ақпанда Брюссельде «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастық Комиссиясы арасында Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Қоғамдастық Комиссиясы өкілдігінің, артықшылықтары мен иммунитеттері туралы» келісімге қол қойылды. 

Бүгінгі күні жүздеген мың адамды құрайтын түрлі саладағы мамандар сыртқы сауда саласында қызмет етуде. Қазақстанның сыртқы сауда айналымының көлемі (2018 жылдың қорытындысы бойынша) 93,5 млрд. долл. құрады. Көрсетілген көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 20%-ға артқан. Қазақстанның негізгі сауда серіктестері - Ресей, Қытай және АҚШ болып табылады.   

Сауда-саттықтың өсуіне түрлі факторлар ықпал етті, оның ішінде мемлекеттіміздің сауда саласында жүргізіп отырған саясаты және нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру болып табылады. Осы құбылыстарда ҚР СІМ-нің де үлесі бар екені анық. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, сыртқы саясатты экономизациялау үдерісі басталғаннан бері, ҚР СІМ-нің осы бағытындағы рөлі едәуір артылып келеді. 

Сауда саласындағы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде Қазақстанда сауда-саттықтың жаңа заманауи форматтары игерілетіндігі және оның ішінде электронды мен мобильді, сондай-ақ саудада қолданылатын жаңа технологиялар, маркетинг және мерчендайзин сияқты бағыттары сәтті  енгізілетініне сенім білдіргіміз келеді. 

Басқа мекемелердегі әріптестермен бірге біз материалдық-техникалық базаға инвестицияның одан әрі артуына, өткізу арнасын кеңейтуге, қазіргі заманғы сауда және ақпаратттық инфрақұрылымын дамытуға қолғабыс көрсететін боламыз. 

Сыртқы істер министрлігінің ұжымы сауда саласында еңбек етіп отырған барлық қызметкерлерді мерекемен шын жүректен құттықтайды және кәсіби сәттілік, өркендеу, бақыт және мықты денсаулық тілейді.

Қосылған : 28.07.2019, 10:25, Өзгертілген : 28.07.2019, 10:25