​Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Нұр-Сұлтан, 2019 жылғы 8 сәуір

Мазмұны:

1) Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннің Қазақстанға мемлекеттік сапары туралы;

2) ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Словакияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Қазақстанға сапарының негізгі қорытындылары туралы;

3) Тегеранда өтетін Қазақстан мен Иран арасындағы саяси консультациялар туралы;

4) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық бастамасына 25 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция туралы;

5) Берлинде өтетін Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының 12-ші отырысы туралы.

1) Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннің Қазақстанға мемлекеттік сапары туралы

21-23 сәуірде Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннің Орталық Азия елдеріне сапары шеңберінде Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары жоспарлануда.

Нұр-Сұлтан қаласында жасалатын сапары аясында Оңтүстік Корея Президенті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі.

Жоғарғы деңгейдегі келіссөздерде екіжақты ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде сауда-экономикалық саласы және халықаралық күн тәртібі, әсіресе Корея түбегіндегі ахуал талқыға салынады.

Мемлекет басшыларының қатысуымен бірқатар екіжақты келісімдер мен меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр, оның ішінде Сотталған адамдарды беру туралы шарт пен жаңа технологиялар, инфрақұрылым, логистика, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы сияқты салаларды қамтитын сауда-экономикалық қатынастарды тереңдету бойынша жол картасы «Самал жел» жаңартылған ынтымақтастық бағдарламасы кіреді.

Сонымен қатар, Корея басшысының сапарына ұштастырылатын екі елдің іскер топтарының 300-ге жуық өкілдерінің қатысуымен Оңтүстік Қазақстан-Корея инвестициялық форум ұйымдастырылады. Оның барысында өнеркәсіп, цифрландыру, инфрақұрылым және медицина салалардағы Қазақстан-Корея бірлескен инвестициялық жобалар мен бастамалар көрмесін өткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ сапар бағдарламасы Алматы қаласына баруды қарастырып отыр. Оңтүстік астанамызда Оңтүстік Кореяның басшысы Қазақстандағы корей диаспорасының өкілдерімен кездесіп, олардың еліміздегі өмірімен танысады.

Нұр-Сұлтан мен Сеул стратегиялық әріптестер және тығыз экономикалық байланыстарға ие болғандығын атап өткен жөн. Бұл тұрғыда Оңтүстік Корея басшысының Қазақстанға сапары стратегиялық диалогты одан әрі дамытуға тараптардың өзара ниетін растау болып табылады.

Екі ел арасындағы екіжақты тауар айналымының жалпы көлемі 2018 жылдың қорытындысы бойынша 3 млрд. 898,5 млн. АҚШ долларын, оның ішінде Қазақстаннан экспорт көлемі 2 млрд. 976 млн., ал Оңтүстік Кореядан импорт - 922,5 млн. долларын құрады.

2) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі Төрағасы, Словакияның Сыртқы және Еуропа істері жөніндегі министрінің Қазақстанға сапарының қорытындылары туралы

7-8 сәуір аралығында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі Төрағасы, Словакияның сыртқы және еуропалық істер министрі Мирослав Лайчактың Қазақстанға жұмыс сапары өтуде.

Сапар барысында жоғары дәрежелі словакиялық дипломаттың Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева және Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесулер өтті.

Бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен келіссөздер барысында Бейбіт Атамқұлов пен Мирослав Лайчак Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ағымдағы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, Қазақстанның Ұйыммен ынтымақтастығының жағдайы мен перспективаларына, алдағы жылдарға арналған өзара іс-қимыл жөніндегі жоспарларға үлкен көңіл бөлді.

Келіссөздердің басты тақырыбы Ұйым шеңберінде Еуразиялық кеңістікте кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары болды. Атап айтқанда, тараптар Хельсинки Қорытынды актісінің 45 жылдығына орай 2020 жылы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференцияны ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды, сондай-ақ Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі және АСЕАН хатшылықтары арқылы ынтымақтастық қатынастарын орнату мәселелерін талқыға салды.

Жалпы сапар қорытындысы бойынша тараптар барлық деңгейдегі диалогты күшейтуге және ынтымақтастықты жүйелі түрде тереңдетуге бағытталған күш-жігерді жалғастыруға келісті.

3) Тегерандағы Қазақстан мен Иран арасындағы саяси консультациялар туралы

10 сәуірде Қазақстан мен Иран сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өткізіледі. Іс-шарада Қазақстан делегациясын Министрдің Бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді, ал Иран тарапын Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи басқарады.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ көпжақты дипломатия аспектілерін талқылайды.

Саяси консультациялардың кезекті раунды Қазақстан мен Иранның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы үйлестіруді кеңейтуге және нығайтуға, сондай-ақ ынтымақтастықтың жаңа перспективалық бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, сапар барысында Мұхтар Тілеуберді Иранның Сыртқы істер, Жол және қала құрылысы, Индустрия, кен және сауда, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрліктерінің басшылығымен екіжақты кездесулері жоспарлануда. Келіссөздер барысында қазақстандық өнімдерді Иранға экспорттау мәселелерімен қатар, екіжақты ынтымақтастықтың сауда, көліктік-логистика, ауыл шаруашылығы, таукен өнеркәсібі және басқа да салалардағы мәселелер талқыланады.

Қазақстан Иранмен экономикалық байланыстарды дамытуға маңызды назар аударатынын атап өту жөн. 2018 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымының жалпы көлемі 516,3 млн. АҚШ. долларын құрады. Соның ішінде, Қазақстандық экспорт көлемі 426,7 млн., ал Иран импорты 89,5 млн. долларын құрады.

Қазақстан мен Иран Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы және басқа да көпжақты құрылымдар шеңберінде өзара әрекеттесуге маңызды мән береді.

4) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық бастамасына 25 жыл толуына арналған арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция туралы

11 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық бастамасына 25 жыл толуына арналған «Идеядан – шынайы болмысқа: Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық бастамасына 25 жыл» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Іс-шараны елімздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы мен Қоры, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен бірлесе және Қазақстан Президенті Әкімшілігі, Ресей Президенті Әкімшілігі, Қазақстан және Ресей сыртқы істер министрліктері, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласының Әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Конференцияның ресми ашылуына Қазақстан мен Ресей президенттері Әкімшіліктері және Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері, Қазақстан мен Ресей парламенттерінің депутаттары және тағы басқалар қатысады.

Конференция Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан 25 жыл бұрын Мәскеу мемлекеттік университетінде алғашқы рет жария еткен еуразиялық интеграция мен Еуразиялық одақты құру идеяларының іс жүзінде іске асырылуының стратегиялық көрінуі мен бағыттарын пайымдауды ұйғарады. Жалпы, Елбасының пікірінше, интеграцияның мұндай түрі одаққа қатысушы әрбір елдің мемлекеттік мүдделері іске асырылатын және экономикалық ынтымақтастыққа нақты назар аудара отырып, барлық жиынтық әлеуетті пайдаланылатын тең құқылы тәуелсіз мемлекеттер одағы бола алар еді.

20 жылдан соң Елбасының еуразиялық интеграция идеясы Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына негіз болды. Оны құру туралы шартқа 2014 жылғы 29 мамырда елордада қол қойылды.

2019 жылы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуының 5 жылдығы мен еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығы аясында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Оынң шеңберінде Одаққа мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларынан бөлек, құрметті қонақ ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

5) Берлинде өтетін Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының 12-ші отырысы туралы

11 сәуірде Берлинде Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының 12-ші отырысы. Іс-шарада Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев басқарады.

Отырыс барысында тараптар Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың 2019 жылы Германияға жоспарланып отырған сапары аясында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың барысы мен перспективаларын, соның ішінде, екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдету бойынша «Жол картасын» дайындау мәселесін талқылайды.

Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы іс-шара шеңберінде Германия Парламентінің депутаттары, Герман экономикасының шығыс комитеті, Германия Экономикалық ынтымақтастығын алға жылжыту қоғамымен келіссөздердің өткізілуі жоспарлануда.

Қосылған : 8.04.2019, 17:15, Өзгертілген : 8.04.2019, 17:15