Қазақстан Республикасының Сингапур, Германия және Иордания елдерінде жаңа елшілер тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 6 маусым - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен:

Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;


Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;


Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Қосылған : 6.06.2019, 12:30, Өзгертілген : 6.06.2019, 12:30