Қазақстан Республикасы елшілерінің тағайындалуы туралы

2019 жылғы 18 наурыз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен:

Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов - Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Берік Сақбайұлы Арын - Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметіне;

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды - Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Асқар Ерлікұлы Тәжібаев - Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Қосылған : 18.03.2019, 12:45, Өзгертілген : 18.03.2019, 12:45