Қазақстан мен Норвегия академиялық байланыстарды нығайтпақ

Норвегияның халықаралық саясат институтында (НУПИ) қазақстандық дипломаттардың еуразиялық саясат, энергетика және халықаралық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылармен кездесуі болды.

Орталық Азия және кең еуразиялық кеңістіктегі қазіргі ахуал, БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық құрылымдардың қызметі бойынша пікір алмасу болды.

Халықаралық сенім, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ынтымақтастық пен дамуға болысу турасындағы ізденістегі ғалымдардың рөлі орасан, деді Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Еркін Ахинжанов.

Кездесу барысында сұхбаттасушылар екі елдің академиялық және ғылыми байланыстарын одан әрі нығайтуға уағдаласты.

Қосылған : 14.08.2019, 14:10, Өзгертілген : 14.08.2019, 15:00