Қазақстан Елшісі Әзербайжан Милли Меджлисінің Төрағасымен кездесті

БАКУ, 2019 жылғы 8 ақпан – Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Исабаев Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадовпен кездесті.

Кездесу шеңберінде екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастық мәселелері, парламентаралық достық топтарының жұмыстарын ілгерілету туралы, сондай-ақ Бакуда өтуі жоспарланып отырған Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының кезекті пленарлық отырысына қатысты мәселелер талқыланды.

Сонымен бірге, сұхбат барысында Б.Исабаев О.Асадовқа ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулиннің, РФ Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Төрағасы В.Володиннің және Корея Республикасы Ұлттық ассамблеясының Спикері Мун Хи Санның атынан 2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Астанада өтетін Еуразия елдері Парламенттері Спикерлерінің IV-ші Кеңесіне жолдаған шақыру хатының түпнұсқасын табыстады.

Өз кезегінде, ӘР Милли Меджлисінің Төрағасы Астанада өтетін IV-ші Кеңеске қатысатындығын растады.

Қосылған : 8.02.2019, 15:00, Өзгертілген : 8.02.2019, 15:00