Гонконгтегі көрмеде қазақстандық азық-түлік өнімдері ұсынылды

Гонконгта азық-түлік өнеркәсібіндегі негізгі және ірі болып табылатын және шет елдерден (көбінесе Азия - Қытай, Жапония, Корея және Еуропадан) көптеген өндірушілерді жинайтын «Hong Kong Food Expo» 30-шы мерейтойлық азық-түлік және сусындар көрмесі өтті. Көрмеге 20-дан астам елден 1570 компания қатысты.

Іс-шараға Гонконгтағы ҚР Бас консулдығы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы, Гонконг саудасын дамыту Кеңесінің Алматыдағы аймақтық өкілдігінің қолдауымен «Meat Processing and Service» ЖШС ет және ет өнімдерін өндірушілері, «Аралтұз» АҚ ас тұзы, «Нәзік» ЖШС кондитерлік өнімдері, «Sun-Bee Altai» және «Bee Honey» ЖШС балдары, «Karaganda-Osetr» қара уылдырығы, «Камертон» ірімшік өнімдері, сондай-ақ «Sun Planet Organic» сусындарын өндіретін қазақстандық компаниялар қатысты.

Қазақстандық компаниялар өз өнімдерін көрсетіп, тауарларын жергілікті нарыққа импорттайтын шетелдік өкілдердің тауарларымен танысты, сондай-ақ Гонконг қана емес, басқа да шет елдердің бөлшек сауда желілерімен іскерлік байланыстар орнатты. Қазақстандық кәсіпкерлердің болжамы бойынша, жақын арада өзара тиімді келісім-шарттар жасалады деп күтілуде.

Қазақстандық стендтерге келушілер, сондай-ақ Гонконгтың сауда желілерінің өкілдері экологиялық таза сипаттамаларға ғана емес, сондай-ақ сапалы сыртқы безендіруге назар аударатын біздің өнімімізге қызығушылық танытты, бұл жергілікті нарықтарға шығу үшін аса маңызды фактор болып табылады. 

СІМ басқа да қазақстандық мүдделі органдармен бірлесіп, қазақстандық өнімдерді сыртқы нарықтарға, оның ішінде Гонконгқа жылжыту бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.

Қосылған : 21.08.2019, 15:30, Өзгертілген : 21.08.2019, 15:30