Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 21 тамыз - Қазақстан Республикасы сыртқы саяси ведомствосының басшысы Бейбіт Атамқұлов Орталық Азия және АҚШ сыртқы істер министрліктері басшыларының «С5+1» отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен келіссөздер өткізді.

Тараптар ү.ж. 14-15 сәуірде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары және ү.ж. 21 маусымда Ташкент қаласында Үкімет басшылары деңгейінде Қазақстан-өзбек Үкіметаралық комиссиясының 18-ші мәжілісін табысты өткізу барысында қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы саяси диалогтың дамуы мен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюін қанағаттанарлықпен атап өтті.

Сонымен бірге, А.Камилов Қазақстанның сыртқы істер министрін Өзбекстанға ресми сапармен келіп қайтуға шақырды.

Министрлер өзара сауданың тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасауға назар аударды, ол 2018 жылы 25%-ға өсіп, 2,5 млрд. АҚШ долларын құрады, сондай-ақ өнеркәсіп пен көлік саласындағы бірлескен ірі жобаларды іске асыруға баса назар аударды. Екі жақты тауар айналымын таяу жылдары 5 млрд. долларға дейін көтеру жоспарланып отыр.

Елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың, оның ішінде «Қазақстанның Өзбекстандағы жылын» табысты өткізудің маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу барысында сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелер талқыланды. Тараптар Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуін табысты өткізуге мүдделілігін растады.

Қосылған : 22.08.2019, 16:35, Өзгертілген : 22.08.2019, 16:35