Қазақстан мен Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы бірлескен мәлімдеме қабылдады

    НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 29 тамыз - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов «Ядролық қарусыз әлем және халықаралық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығының» иегері Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы Дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысы Лассина Зербоны қабылдады.

Б. Атамқұлов доктор Л. Зербоны құрметті наградамен құттықтап, оның ядролық қарусыздану және таратпау үдерісін ілгерілетудегі жеке үлесін, халықаралық қауіпсіздіктің жаһандық жүйесін қолдау ісіндегі сіңірген еңбегін атап өтті, сондай-ақ ядролық қарусыздану саласындағы қазақстандық бастамаларға дәйекті қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Л. Зербо Қазақстан тарапына және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа халықаралық қауіпсіздікті нығайту мәселелерін ілгерілетуге бағытталған батыл іс-әрекеттері үшін алғысын білдірді, Қазақстанның қарусыздану және таратпау саласындағы көшбасшылығын атап өтіп, Қазақстан мен ЯСЖТҰ арасындағы ынтымақтастыққа жоғары баға берді. Сонымен қатар, ол тараптардың өзара іс-қимылын одан әрі тереңдетуді барынша қолдау және қазақстандық ядролық қаруға қарсы бастамаларды ілгерілетуге көмек көрсету ниетін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Сыртқы істер министрі Б. Атамқұлов пен Ұйымның Атқарушы хатшысы Л. Зербо ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарттың тез арада күшіне енуін қолдауға Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Қосылған : 29.08.2019, 20:00, Өзгертілген : 29.08.2019, 20:00