Қазақстан мен Нидерланд іскерлік байланыстарды нығайтуда

12 маусымда Қазақстанның Елшісі Мағжан Ілиясов Еуропаның ең ірі әуежайларының бірі – «Схипхол» әуежайына (Амстердам қаласы) жақын орналасқан «Flight Simulation Company» («FSC») оқу орталығына барды. Бұл орталық бүкіл әлем бойынша 150-ден астам әуекомпаниялардың әуе кеме экипаждарын жоғары сапалы біліммен қамтамасыз етуде. Орталықтың иелігінде заманауи азаматтық авиацияда талап етілген «Boeing», «Airbus», «Embraer» және т.б. ұшақ кабиналарының дәл көшірмесі болып табылатын 12 жаттығу құрылғысы бар.

Бүгінгі таңда «FSC» «Эйр Астана» отандық әуекомпаниясымен берік іскерлік байланыстарға иелі. Қазақстандық әуе тасымалдаушы ұшқыштары 10 жылдан астам уақыт ішінде Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің ең заманауи стандарттары бойынша оқытылуда және сертификатталуда. Сонымен қатар, ынтымақтастықты ары қарай ұлғайту мақсатымен Астана әуежайының базасында Қазақстанның, Ресей, Қытай және Азияның басқа да елдерінің ұшқыштары өз дағдыларын жоғарлата алатын, ұқсас оқу орталығын ашу мәселесі қарастырылуда.

Сол күні М. Ілиясов, жоғары сапалы картоп өсіру мен өңдеу бойынша әлемдік көшбасшылардың үштігіне кіретін, голландтық «Farm Frites» компаниясының бас кеңсесіне кіріп шықты. «Farm Frites» 45 жыл бойы жұмыс істеп тұрған ата кәсіп болып табылады. Компанияда 1500 қызметкерлер жұмыс істейді, және де компания жылына 780 мың тонна өнім шығарып, 17 сату кеңселері арқылы әлемнің 100-ден астам еліне жеткізеді. ЕО елдері, Шығыс Еуропа, Оңтүстік Америка, Аустралия, Мысыр және Қытай негізгі импорттаушылар болып табылады. «Farm Frites» серіктестері қатарына жаһандық брендтер - «McDonald's», «KFC», «IKEA» және басқа да компаниялар кіреді.

Қазіргі кезеңде «Farm Frites» Қазақстанда Алматы облысында жылына 70 мың тонна қуаттылығымен картоп өңдеу бойынша зауыт салу туралы ҚР Үкіметімен келіссөздер жүргізуде. Дайын өнімнің 80% экспортқа бағытталатын болатыны жорамалдануда. Жобаның бағасы 105 млн. еуро құрайды.

Қазіргі таңда Қазақстанның бірнеше тәжірибелі шаруашылықтарында халықаралық стандарттарға сай картоп өсіру бойынша тәжірибелі-зерттеулер жұмыстары жүргізілуде. Жоба 140 мың тонна көлемінде шикізат картоптың жылдық өндірісін болжауда.

Қазақстан үшін инвестициялық жобаның бірегейлігі – жергілікті фермерлердің, солардың кооперацияларының белсенді қатысуын және әлемдік нарықта сұраныстағы тауарларды өндіруін көздейтіні болып табылады. Сонымен қатар, ҚазҰАУ-мен ынтымақтаса, білім алмасуға және озық өсімдіктану саласында мамандарды оқытуға болады.

Қосылған : 14.06.2017, 18:40, Өзгертілген : 14.06.2017, 18:45